Мазмұнға өту

Жаңа

мен үшін ең таза қала...

Әлі көптеген әлем шаһарлары мен әлемнің алпауыт елдерінде болмағандықтан, "ең керемет қала немесе ең керемет тағам" деп бір қорытынды жасай алмаймын. Алайда, мен үшін "ең таза қала" болып Францияың оңтүстігінде орналақан, Барселонадан 3 сағаттық жерде орналасқан Тулуза болып саналады (немесе "La ville rose" -француз тілінен аударғанда тура мағынасында "Қылғылт қала" дегенді білдіреді). Ал, енді кішкене қала тұрғындарына жалпы шолу жасасақ. Франциядағы көлемі және халық саны жөнінен 4-ші ірі қала қатарына жатады, ал халық санының басым көпшілігі шеттен келген студенттер құрайды. Мұнда университеттер мен Grandes écoles (жоғары мектеп) жалпы саны 14 құраса, 5 ғылыми-зерттеу орындары бар. Жалпы студенттер қауымының 15% -ы ағылшын және француз тілдерін үйренуге келгендер болып табылады. Басқа…

0
0
927

Серпіндік студенттер арасында дебат сайыстары өтті

Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында "Мəңгілік ел жастары-индустрияға" "Серпін2050" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған "Аламан" өңірлік дебат сайысы өтті. Аталған шараға С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодармемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар техникалық колледжі және де Ақсудан "Жаяу Мұса" оқу орнынан келген топтар қатысып, бақ сынасты. Іс-шараның негізгі мақсаты: Республикалық Аламан фестиваліне Облыстың ең мықты фракцияларын анықтау және пікірталас технологиясы арқылы тіл дағдыларын дамыта отырып жеке көзқарастарын қалыптастыру.Сайыстың барысында ПМПИ атынан шыққан дебатшылар өз сөз шеберліктерімен ерекше көзге түссе, ПМУ қарсыластық əдісімен төрешілерді таң қалдыра білді. Сайыста қарсыластық болса да оқу орындары арасындағ…

1
0
1767

Қазақша киноцитаталар 2

Құрметті оқырман! Алдыңғы постымызда жарияланған қазақша киноцитаталардың жалғасын ұсынамын. Әлемдік кинодағы есімізде қалған және қанатты сөзге айналып кеткен цитаталардың аз ғана бөлігін өз тілімізде “cөйлеттік”. Қабыл алыңыздар! Аударма жүзіңізге күлкі ұялатып, қызық көрінер бәлкім. “Етіңізді” үйрете беріңіз, әлі талай қызықтар бар!) Таңғы асты жақсылап дайындап, тойынып ішіңдер. Бүгін кешкі аспен Тозақта тамақтанамыз! “300 Спарталық”. Маған бірде бір адамның былай дегені бар: “Өлім бәрімізге күлімдейді. Адамның қолынан келетін жалғыз шарасы – жауап ретінде өлімге күлімдеп қарау”. “Гладиатор” Жақсы немесе жаман деген түсінік жоқ.Тек қана қоғамдық пікір деген бар. “12 маймыл” - 40 жастан кейін тұрмысқа шыққаннан террористің жемтігіне айналған оңайырақ. - Бұл жалған! - Бұл статистика . “…

2
0
684

Қорықпа, балам. Өлім деген — өмірдің бәрі бастан өткізуі тиіс бір бөлігі ғана. (Форест Гамп)

Киноны бәрі көреді. Біреу оқиға қуалайды, біреу саясат табады. Қатыгездік те, мейірім де бар онда. Іздегенің табылады. Оның таптырмас құрал болатыны да сондықтан. Әсілі, кез-келген нәрседе ақиқаттың үлесі болмаса, ол қабылданбайды, болмыспен қабыспайды. Кинода ақиқат та айтылады. Әсіресе, диалогтарда. Мұндағы ақиқат деп отырғанымыз – жаратылыс заңдарын дөп басқан, адам болмысының үстінен түсетін, әрі тапқыр, әрі тосын ойлар тізбегі. Төменде сондай ерекше цитаталардың бір парасын жинақтап, аударып, назарларыңызға ұсынамыз. Бұл өмірде барлық істеген ісіңнің, жасаған таңдауыңның салдары болады. Сен таңдау жасап жатасың, сол сәтте таңдаулар сені жасап жатады. (Байкерлер) Бастауы болған нәрсенің соңы да болады. (Бэтмен: Бастау) Қорықпа, балам. Өлім деген - өмірдің бәрі бастан өткізуі тиіс бір…

1
0
793

Отандық электромузыка?! Әрине!

Музыка... “Музыка – сезімнің стенографиясы” Ұлы жазушы, Адамзаттың Арыстаны атанған Лев Толстойдың берген бағасымен келіспеске амалымыз жоқ. Шынында дәл қазіргі уақытта біздің өмірімізде музыканың алатын орны ерекше. Өмір мен өлімді, Шаттық пен қайғы, Жетістік пен құлдырауды, тағы басқа санасақ алақанымыздағы саусағымыз жетпейтін, тілмен жеткізе алмағанымызды әуен тілімен суреттейміз. Біздің бүгінгі мақаламыз өзіміздің отандық өнімге арналған кішігірім жарнама жұмысы десек те болады. Құрметті оқырмандар , назарларыңызға “Electric child” есімімен белгілі еліміздің талантты жас музыканты Виталий Угайды ұсынамыз. Шетелден білім алған, Қазақстанға қарағанда Москва мен Санкт – Петербургта танымалдыққа ие жас музыкант біздің еліміздегі музыка саласына жаңашылдық ала келді. Оның жанды тербейтін,…

0
0
403

Шын махаббат, ешқашанда солмайды

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Ф. Шопен «Мелодия рая»

Бейнематериал авторы – Rezonans TV “Love story”

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте –

     

Ақ сезімде, атты таңым арайлы,

Күн шуағы, шашу шашып баурайды.

Шын махаббат, ешқашанда солмайды,

Қанат бітіп, бақ сезімде самғайды.

 

Шын сүйгендер, іңкәр көзбен қарайды,

Гәкку сезім, қосағымен жайнайды.

Періштелер, сүйгендерді қолдайды,

Ақ жол сілтеп, пәк жолдарын жалғайды.

 

Қос жүректің, жетер ме екен тағаты?

Сағыныштың, ұрып жатса сағаты.

Сынамашы, ей тағдыр, махаббаты,

Салмағайсың, ауыр жүкпен салмақты.

 

Қиналады, шын сүйгендер өмірде,

Азап шегіп, мың жылайды көңілде.

Осындама, бұл тағдырдың мәні де,

Айып жоқ қой, бір көнбейтін Тәңірде.

 

https://www.youtube.com/watch?v=UldIwWlbg48

1
1
1180

Еріктілердің ерен істері

Қазір сіз осы постты оқып отырсыз. Дәл осы сәтте белгісіз бір ауылда жасы сексенге таяп қалған зейнеткер-апамыз жалғыз отыр. Жалғыз сүйеніші ұлын да бақытсыз бір жағдай алып кетті. Жары да көп жылдар бұрын дүниеден өткен болатын. Жалғыз зейтнетақыға күн көреді, жәрдем беріп, қолдау көрсетер еш жақыны жоқ. Келген жаны-жайсаң кейбір жандар азық-түліктерімен бөлісіп кетеді. Айналып тағы да күздің күрең күндері де келіп жетті. Жаз кезінде ауа-райының жылылығынан ба, тұрмыстың қиындығы білінбеп еді, ал қазір күн де суытып, әжеміздің мазасын алды.Тұрмыс қажеттіліктерін барынша жасауға тырысты, бірақ қайтсін күш-жігері барынша сарқылған!.. Сижу я с думою своею, Зима подходит вот-вот-вот, Как мне успеть все в доме сделать? Да и просить кого, кого? Ну вот же чудо! Как будто бы из небес подъехали с…

0
0
703

Шейх Мұрат Хакім

Шейх Мұрат Хакім Шейх Мұрат Хакім – бұл – Марат Смағұловқа Алтын мұрагерлік Нақышбанди тариқатының Шейхтары берген рухани есім. Ол Қазақстанда 1964 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. Мұрат Хакімнің рухани ілім дүниесіндегі алғашқы ұстазы әкесі «құдайы қонақ» деп үйіне ертіп әкелген бір дәруіш-шейх болыпты. Үш жасар бала қырық күн бойы үйіне келген сол бір дәруіштің жанынан шықпай түрлі әңгіме, қисса-дастандар тыңдағанын, әлгі жүзі нұрлы қарияның кітап пен Құранды қалай оқығанын көргенін жадында сақтап қалады. Оның ерекше ықыласын байқаған дәруіш те кішкене баланың жүрегіне әр күн сайын рухани ілім құя береді. Осы бір сәт өміріне жарық сәуле болып жатталып қалғандығын Мұрат Хакім кейіннен үнемі есіне алып, көз алдына келтіруге тырысатын. Кетер кезінде әлгі дәруіш оған бір түйір миіз ұсыныпты,…

1
0
958

Еуразиялық экономикалық комиссиясында алдын ала ақпараттандыру бойынша шешімді әзірлеуге кірісті

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік реттеу инфрақұрылым департаменті ұйымдастырған отырыста Одақ аумағына көлікпен әкелінетін тауарлар туралы алдын-ала ақпарат беруге байланысты мәселелер талқыланды. «Біз биыл Еуразиялық Экономикалық Одақта Кедендік кодексінің қабылдануын күтіп жүрміз, жобағда алдын ала ақпарат беруді нормасын жетілдіру қарастырылған. Жаңа кодекс жобасы дайындықтың жоғарғы сатысында тұр. Сондықтан нормативтік-құқықтық актілерді дайындап, кодекс әлеуетін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді», - деді Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік инфрақұрылым департаментінің кедендік ақпараттық технологиялар бөлімі басшысының орынбасары Алексей Гавричев. Технологияларды іске асыру үшін қажетті жағдайлар айқындалды, қазіргі жағдай сараланып, болшақта іске асырылу…

0
0
510

Астанада телекоммуникация саласына қытайлық инвестицияны тарту мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «ChinaTelecommunicationsCorp. Ltd.» төрағасы Янь Джимен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы, телекоммуникация саласына инвестиция тарту және жаңа технологияларды дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі. Министр Жеңіс Қасымбек атап өткендей, біздің елдер бірлескен ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Қытай біз үшін стратегиялық серіктес болып табылады. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыру мәселесінде толық қолдау көрсетуге дайын. Екіжақты кездесу аясында China Telecom Global Limited пен «Транстелеком» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық жөніндег…

0
0
483