Өнер және мәдениет туындылары негізінде азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу үшін жағдай жасау
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2016 жылға арналған кешенді жоспарда белгіленген шараларды орындау аясында, Департаменттің бастамасымен Ақмола облысының мәдениет басқармасы мәдени құндылықтарды енгізу және өнер және әдебиет, мәдениет туындылары негізінде азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу үшін жағдай жасау мақсатында а.ж.3 қарашада Көкшетау қ. Орыс драма театрында Е.Л. Шварцтың туындыларының желісімен «Айдаһар» пьесасының қойылымын жасады.
Департамент тарапынан көрермен ретінде басшының орынбасарлары Е.Жайықбаев, Д. Хайруллин, сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас мамандары М. Ахметқалиев пен А. Амангелдина қатысты.
Пьесаның кейіпкерлері айдаһардың қоластында өтіп жатқан өмірге әбден үйреніп кеткен; қаталдық пен қысымшылыққа еттері үйренген, әрқайсысы бұдан бетер жаманшылық болмайды деп үміттенеді. Пьесаның басты кейіпкері адамдарға бостандық беру үшін айдаһардың көзін құрту жеткіліксіз екеніне көзін жеткізеді.
Бұл ретте, баршамыз қоғамман бірлесіп белсенді азаматтық ұстаным қағидасын қалыптастырмайынша, қандай болсын нормативті-құқықтық актілерді қабылдағанмен, олардың пайдасы болмайтындығын атап өту керек. Қойылымды 230 көрермен тамашалады.

