Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ !
А.ж. 6 қарашада Атбасар қ. орталық әмбебап дүкенінде "Адал жол – Честный путь» марафон шеңберінде би флеш-мобы өтті. Дүкеннің ішінде кенеттен бірдей футболкалар мен кепкалар киген жастар шыға келді.
Флеш-мобты жас бишілер тобы ұйымдастырды, олар жұрт назарын өздерінің биімен қызықтырып, барлық қатысушыларды билетуге тырысты. Жас бишілер тобы біздің күнделікті өмірімізде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқтығын бидің қимылдарымен -ақ түсіндірді.
Биге 50 –ден астам адам қатысты.

