Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мәдениет қайртакерлерінің, кинематографиялық ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі» тақырыбындағы диалогтық алаң өткізілді

А.ж. 4 қарашада Департамент  Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған  2016 жылға  арналған кешенді жоспарда белгіленген шараларды орындау мақсатында Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберіндегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мәдениет қайртакерлерінің, кинематографиялық ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі»  тақырыбындағы диалогтық алаң өткізді.

Іс-шараға Департаменттің басшысы, облыстық мәдениет және ішкі саясат басқармаларының басшылары,  мемлекеттік, азаматтық қызметшілер, мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Диалог алаңын Департамент басшысы Б. Беспалинов ашты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделі арқылы халықтың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру»,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі», «Кинематографиялық ұйымдардың, мәдениет қайртакерлерінің   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлі» тақырыптарындағы баяндамалар тыңдалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үдерісі  көп жағдайда шынайы ақпаратқа және  бұл құбылыстардың бұқаралық ақпарат құралдарында объективті түрде бағалануына байланысты екенін атап өту керек. Әрине бұл кәсіби шеберлікті, әдеп нормаларының сақталуын, бірбеткейлікті, сонымен қатар, журналистердің жеке басының батылдығын талап етеді.Мемлекеттік органдардың, азаматтық институттардың көмегімен қазіргі таңда бұл тақырып кеңінен талқылануда, қоғам тарапынан бұл тақырыпқа қызығушылық пен айыптаушылық байқалады. Бұл фактор жемқорлық көрсеткіштерінің жалпы азаюына ықпал етеді.

Диалог алаңының қорытындылары бойынша бұдан әрі қарай бірлесіп, ынтымақтастықпен жұмыс жасау тетіктері айқындалды.

Департамент госслужбы

0
0
201

Осы тақырып бойынша