Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
А.ж. 4 қарашада Атбасар қаласының орталық алаңында «Адал жол – Честный путь» марафоны шеңберінде Атбасар қаласының жастары арасында Сыбайлас жемқорлыққа "Жол жоқ!" флеш-мобы өтті.
Жүзден астам жастар қала көшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсылық білдіріп шеруге шықты. Акцияға Атбасар ауданының мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты, сол арқылы болашақ ұрпақтар қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа деген теріс көзқарастарын білдірді.
Жас атбасарлықтар сап түзеп, "Адал Жол" сөзін жазды. Осылайша, балалар жастарды сыбайлас жемқорларға – парақорлар мен алаяқтарға қарсы тұруға шақырды, әрбір нақты жағдайда бұл жамандықтың алдын ала отырып, жеңуге болатынын дәлелдей келе, адам кез-келген жағдайда өзінің адамгершілігін жоғалтпай, қылмысқа жол бермеуі қажет!
Еліміздің болашағы жастардың қолында болғандықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары олардың қолында. Тақырыптың маңыздылығына қарамастан іс-шара өте жарқын және көңілді өтті. Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері атап өткендей, жастар арасында көптеген балалардың ел және облыс, аудан болашағына бей-жай қарамайтыны басым екендігін атап өтті.
Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты.

