Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атбасар ауданында «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон аясында мемлекеттік сатып алу бойынша семинар өтті

А.ж. 31 қазанда Атбасар аудандық  кітапханасында  «Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ ұйымдастыруымен     сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны  аясында мемлекеттік сатып алу туралы семинар өтті. Семинарды   «Атбасар ауданының  экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары  Николайцева Шолпан Болатқызы ашты. «Атбасар ауданының  экономика және қаржы бөлімі» ММ бас маманы Жұмабаев Болат Беголынұлы баяндама жасады, ол  өз сөзінде мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарт жасау тәртібі туралы айтып өтті.

Одан әрі мемлекеттік сатып алу туралы  Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Семинарға бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі, Атбасар ауданының кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерінің мамандары  (бухгалтерлері) қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында туындайтын сұрақтарды қарастырып,  оны талқыға салды.

Семинар соңында  буклеттер мен мемлекеттік сатып алу жүргізудің негізгі рәсімдері сипатталған материалдар таратылды.
Департамент госслужбы

0
0
405

Осы тақырып бойынша