Шымкентте қала әкімі кубогына арналған турнир басталды.
Шымкентте «Ұлы Дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде ұйымдастырылған және өткізілген қала әкімінің кубогы үшін футболдан турнир өткізілді. Үш күн бойы 50 жуық команда бас жүлде үшін сайысқа түсті, сайыс екі санатта – жастар және ардагерлер санаттары бойынша өткізілді. Жастар командаларында негізінен спорт секциялары мен клубтар қатысушылары, ал ардагерлер құрамаларында депутаттық корпус, мемлекеттік органдар өкілдері, партия мүшелері мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. Ардагерлер арасында бірінші орынды "Айсат" командасы иеленсе, жастар арасында «Бірлік» тобы жеңіске жетті.
«Ең бастысы, жеңіске талпыныс, жеңіске тек адал ойынмен, шеберлікпен және кәсібилікпен қол жетті» - деп айтып кетті турнир қатысушысы Шымкент қ. мәслихатынының депутаты Бахадыр Салимов.
Шымкент қаласы әкімінің кубогына арналған турнир екінші жыл қатарынан өтіп отыр. Іс-шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды.
