Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кәсіпкерлердің республикалық Форумы
Астана қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кәсіпкерлердің республикалық Форумы өтті. Астана қаласына Батыс Қазақстан облысынан бес кәсіпкер барып қатынасса, басқа кәсіпкерлер бейне байланыс арқылы форум жұмысына қатынасты.
Форум жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және тағы мәселелер талқыланды. Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар Жоспарына қол қойылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақов бейнебайланыс арқылы Орал қаласында қатысқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді. Департамент басшысы кәсіпкерлерге мемлекеттік органдар тарапынан қысымшылық, пара сұрау тағы басқа заңға қайшы әрекеттер болған жағдайда Департаментке жүгінулерін сұрады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша call center 1424 қоңырау шалуға болатындығы түсіндірілді.
