Спорт жолындағы Шымкент
Шымкентте «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы шеңберінде Дені сау ұлт пен спорттағы жетістіктер күніне арналған бұқаралық спорттық шаралар өткізіліп отыр. Мұз сарайында қысқы спорттық ойындар түрлері бойынша турнир және коньки тебуден әуесқойлар арасында сайыс өтті. Орталық стадионда 200 астам мектеп оқушылары шахматтан қала біріншілігіне қатысты. Барлық оқу орындары мен спорт мекемелерінде «Салауатты өмір салтын қолдау» денсаулық фестивалі ұйымдастырылды. Спорттық марафон волейбол және футболдан сайыстармен аяқталды.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шаралар Шымкент қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.
