Жұлдызды РАЙДЕР – талап па, әлде еркелік пе?

Қазіргі таңда шоу-бизнес пен той-бизнестің көшін бастап тұрған әншілеріміздің райдері қандай? Олар гастрольдік сапар кезінде нендей талаптар қояды? Бұл сұрақтардың жауабын Toibiznes.kz сайты ұсынған қызықты және танымдық мақаладан біле аласыздар.
Жеке райдер – бұл өнер көрсететін әртістің іс-шара ұйымдастырушыларына қоятын талаптар тізімі. Әдетте райдер келісім-шартпен қоса беріледі және ол екі бөлімнен тұрады – техникалық және тұрмыстық. Бірінші бөлімінде аппаратура, микрофон секілді жабдықтардың техникалық жағы көрсетілсе, екінші бөлімі неғұрлым қызығырақ, себебі бұл бөлімде әртістің жеке талаптары, яғни тұрмыстық қажеттіліктері, тамақтану, демалу және қозғалыс түрі көрсетіледі. Бұл бөлімді қонақжайлылық райдері деп те атайды. Ал енді, тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушыларға келетін болсақ, олардың басты міндеті – қандай жағдай болмасын, келісілген райдерде көрсетілген барлық талаптарды орындау.
Күн сайын әр қаланың тойын қыздыратын, қызу сұраныста тұрған райдерлі әншілеріміздің ондығын назарларыңызға ұсынамыз.
Алл Давай тобы

All Давай қазақстандық ерлер поп-тобы. Ұжым 2000-шы жылдардың Қазақстандағы ең табысты жобаларының бірі.
Ұжымға тән ерекшелік, жігіттердің 15 жыл бойы танымал бойзбенд болуында, бұл қазақстандық шоу-бизнесте рекордты көрсеткіш болып саналады.
All Давай тобы Қазақстан бойынша да, шетелде де кез келген мерекелік іс-шараларға қатысып сәтті гастрольдейді. Және бір қызығы жігіттердің райдері өте қарапайым – бұл эконом- немесе бизнес-класспен ұшу (басқа қалаларға), трансфер, жоғары класты автокөлікте күтіп алу («…әрине жигулиде емес…», - жігіттер қалжыңдауда), қонақ үйде тұру – 2 бір орындық нөмірлер. Тамақ талғамайды, ерекше қалаулары жоқ. Мерекелік іс-шарада 10-ға жуық ән орындайды. All Давай тобымен өткізетін мерекеңіз өте жалынды болады.
Мадина Сәдуақасова

Қазақстанның барлық аймағы бойынша гастрольдеп түрлі мерекелік іс-шараларда өнерін көрсететін Қазақстандық поп-әнші.
Мадинаның жеке райдері мерекенің ауқымына байланысты, егер бұл концерт немесе жеке іс-шара болса, екі адамның бизнес-класспен ұшуын қамтамасыз ету, беделді автокөлікпен күтіп алу және 1 стандартты нөмір, 1 люкс нөмірлі қонақ үйге орналастыру керек. Егер бұл үйлену тойы немесе мерейтой болып жатса және тапсырыс берушілер қаржылық жағынан қиналса, қосымша екі адамның ұшуы эконом-класспен де болады.
Мерекелік іс-шараның өзінде жақсы аппаратура және микрофон болуы тиіс. Әншінің өнер көрсетуі шамамен 20 минуттай болады.
Қайрат Түнтеков

2005 жылғы SuperStar KZ жобасының жеңімпазы – танымал әнші, бүкіл Қазақстан бойынша гастрольдейді. 20-25 минут шамасында өнерін көрсетеді.
Оның райдеріне екі адамның ұшуы, қонақ үйде бір орындық 2 нөмір және жақсы микрофон кіреді. Жиі басқа қалаларда оны достары қарсы алады. Міне, жас әншінің қарапайым талаптары және егер Сіз Қайратты мерекелік іс-шара алдында шайға шақырсаңыз, онда біліңіз, ол бас тартпайды.
«Домбра» триосы

Домбыраның үнін жақсы көретін әуесқойлардың назарына виртуозды-музыканттар - "ДОМБРА" триосын ұсынамыз.
Жұмабаев Асет – бас-домбыра, Ибраимов Омар – тенор-домбыра, Сқақов Ермек – прима-домбыра.
Ұжымның райдері де қарапайым. Жігіттер тапсырыс берушілердің қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, көп талап қоймайды. Ұжымды лайықты автокөлікпен күтіп алу, қонақ үйде бір орындық 3 немесе 4 нөмірде (менеджерлері бірге баратын болса) орналастыру және usb шығатын аппаратураны ұсыну жеткілікті. Музыканттардың өнер көрсету ұзақтығы 30-35 минут.

Танымал қазақстандық әнші барлық қалалар бойынша гастрольдейді. Райдеріне екі адамның бизнес класспен ұшуы кіреді, себебі директоры бірге гастрольде жүреді. Айқынды ұшақтын сатысынан лимузинмен күтпесе де, аэропорттың алдынан презентабельді маркалы автокөлікпен күтіп алған жеткілікті. Сонымен қатар, 5 жұлдызды қонақ үйде орналасуды және тамақтануды ұсыну қажет.
Әдетте, жұлдыздың киім ауыстыратын бөлмесінде тәттілер, тәтті тоқаштар, шай және су болуы тиіс. Ас мәзірі бойынша тамақ талғамайды, бірақ дастарханды сәйкесінше жаю керек. Сахнада монитор және жақсы микрофон болуы тиіс. Кеш барысында әнші 6-7 ән орындайды.
Тамара Асар

Талантты және табысты әнші, Қазақстандағы барлық мерекелік іс-шараларда өнерін көрсетеді.
Әншінің райдері таң қаларлықтай қарапайым: екі адамның бизнес- немесе эконом-класспен ұшуы, қонақ үйден бір орындық 2 нөмір және тамақтану. Ең бастысы, мерекелік іс-шарада өте майлы ет болмауы керек және ұлттық тағамдардың нағыз бағалаушысы ретінде үстелде шұбат не қымыз болуы шарт.
Тамара Асар кештің басынан, аяғына дейін болады.
Али Оқапов

Қазақстандық жас әнші, еліміз бойынша гастрольдерге жиі шығады, түрлі мерекелерде өнерін көрсетеді: үйлену тойы, мерейтой және корпоративті кештер.
Райдеріне ұшақпен ұшу, қонақ үйден бір орынды 4 бөлме жалдау, тамақтану және аэропорттан қонақ үйге, қонақ үйден мерекеге тасымалдау кіреді. Али қасындағы бишілерімен тапсырыс берушілерде қалмайды, тек қонақ үйде орналасуды талап етеді. Мерекелік іс-шара кезінде киім аусытыратын бөлмеде көбірек су және бишілер үшін сүлгілер болуы керек. Жігіттер тамақ талғамайды, бірақ Алидің балық жемейтінін ескеру қажет.
Техникалық райдері жоқ, бірақ әнші залдың схемасын және саундчекті алып әр залда қанша киловатт бар екенін алдын-ала келісіп анықтайды. Егер мереке кең ауқымды болса, ұжым өз микрофондарын алып, жарты сағатқа дейін әндерін орындайды.
Серікбол Сайлаубек

Қазақстандық әнші – Қазнеттің жұлдызы Серікбол Сайлаубек, Қазақстанның барлық аймағы бойынша гастрольдейді. Осы және 2015 жылды қосқанда Серікбол 86 тегін қайырымдылық концертін берді. Спорт алаңдарында және стадиондарда өнерін көрсетті. Және де ол үйлену тойы, мерейтой секілді мерекелік іс-шараларға қатысып қаражат табады.
Әншінің райдеріне екі адамның бизнес-класспен ұшуы, тұруы және тамақтануы кіреді. Міндетті талаптардың ішінде – қара джиптің тасымалдауы нақты жазылған, джип аэропорттан қарсы алып қонақ үйге, ол жақтан мерекелік іс-шара болатын жерге апаруы тиіс, бұл ереже. Қонақ үй қаладағы ең беделді және 5 жұлдызды болуы тиіс. Әнші тәттіге құмар болғандықтан қонақ үйде су, фисташки және мейіз қосылған шоколад ұсыну қажет. Тойдың үстінде тамақ талғамайды. Аппаратураға қояр талабы жоқ, ең бастысы акустиканың дұрыс болуы, себебі әнші жанды дауыспен ән орындайды. Кеш бойы 4-10 ән орындап шығады.
«…той болатын жерге келгеннен кейін біз, дауысты бағыттайтын адаммен кездесіп, қай жерде жоғары, қай жерде төмен дыбыстарды қолдану қажет екені жайлы келісеміз. Себебі біз «ауырды жүрек» немесе «бас ауырды» деген сияқты лирикалық әндер орындамаймыз. Оның әндері позитивті көңіл-күй сыйлайды. Ал кейде үйлену тойларда, қонақтар «Ой жеңге» әнін бірнеше рет сұрайды», - деп Серікболдың арт директоры – Ринат Тәттібай, сұхбатты аяқтады.
Асхат Тарғын

Біздің ойымызша аты шулы "Мария Магдалена" әнін орындап танымалдылыққа ие болған әнші Асхат Тарғын кірпияз емес.
Райдер жөнінде алынған сұхбатта әнші былай деп жауап берді:
- Әрине гастрольдерге шығамын, бірақ қазір уақыттың аздығына байланысты гастрольдік сапарым уақытша тоқтап тұр. Бұйырса жаңа жылдан кейін бармаған қалаларды, аудандарды концертпен аралау жоспарда бар.
- Уақытым болса шакырған мерекелерге барынша шығамын. Қазақта айтады «шақырғанда бармасаң, шақырғанға зар боласың», деп...сондықтан қалмай баруға тырысам.
- Менің райдерім қарапайым көп затты талап етпеймін. Мысалға ұшақпен ұшқанда эконом класқа билет алдыртам, күтіп алғанда да аса қымбат көлік талап етпеймін, бастысы таза, жаңа көлік болса болды (кейде күтіп алатын адамдар кешігіп жатса, арнайы такси көлігіне отырып кете берем😄) жəне таза, қызмет сапасы жоғары қонақ үйлерге орын алдыртамын.
- Музыкалық аппаратураның сапалы болғанын қалаймын.
- Бір кеште ән орындауым, ол келісім бойынша, қалай келісеміз сонша əн орындаймын.
- Негізі гастрольде көп адаммен жүрмеймін, өйткені олардың жол ақысы, тұратын жерлері шығын көп келтіреді. Сондықтан екі, үш адамнан аспайды, тіпте кейде өзімде кете беремін. Өйткені домбырамен əн айтамын, гитарамен де сахнада əн сала беремін.
Жігіттер тобы

Жеке райдерлер тізімін қазақстандық Жігіттер тобымен аяқтаймыз. Әншілер қарапайым және мейірімді.
Жиі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушылар әртістерді дастархан басына шақырып, тіпті гастроль кезінде қонақтап кетулерін сұрайды, бұл жағдайда әртістер қуана келіседі. Олар тек Қазақстанда емес, жақын шет елдерде де түрлі мерекелік іс-шараларда өнерлерін көрсетеді. Ал райдерлеріне келетін болсақ, ол қарапайым: 5 адамның эконом-класспен ұшуы, жақсы қонақ үй (қымбат болуы міндетті емес), лайықты автокөлікпен күтіп алу және 4 жұмыс істейтін микрофон.
Тамақ талғамайды, қара уылдырықтың болуы – маңызды емес. Әртістер екі жаққа да ыңғайлы әрі жағымды болу үшін, тапсырыс берушілермен жақсы қарым-қатынасты сақтауға тырысады. Олар кірпияз ұйымдастырушыларды ұната қоймайды, себебі өздері кірпияз емес. Топ жарты сағатқа жуық уақыт өнерлерін көрсетеді, сондай-ақ кейбір қалаларда өздерінің бишілері бар, қажет болған жағдайда өздері келісіп уағдаласады.
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарының жеке райдерлер тізімімен танысқан соң, біздің әртістердің ТМД және алыс шет елдік әріптестерімен салыстырғанда талапшыл емес екендіктеріне көз жеткізуге болады. Бұл отандық жұлдыздарды тікұшақпен күтпей-ақ, дастарханға қызыл уылдырық қоймай-ақ мерекелік іс-шараңызға шақыруға болатындығын білдіреді. Тек, әртістің қарапайым тілектерін орындай білсеңіз, Сіздің ТОЙыңыз есте қаларлықтай болып өтеді.
Авторлары: Мусабаева Сабира және Якубова Раилям
