Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да азаматтарға көшпелі қабылдау өткізілді

 

Аудандар мен ауылдық округтер тұрғындарына құқықтық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен тұрақты түрде көшпелі кездесулер өткізіліп тұрады.

Сонымен, 2016 жылдың 2 желтоқсанда Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов «Нұр Отан» партиясының Теректі аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарға көшпелі қабылдау өткізді.

Өтініштердің көп бөлігі аудандық округтің мемлекеттік қызметшілері, жастар ұйымдарының өкілдерінен келіп түсті. Бұл күні олар төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу, мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурстың тәртібі және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары жөнінде сұрақтар қатарын ұсынды.

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды тыңдап, әрі қарап оларға нақты түсініктер берді. Сондай-ақ, ол азаматтардан келіп түскен бірде-бір өтініш қараусыз қалмайтындығын атап өтті.

   
0
0
284

Осы тақырып бойынша

БҚО-да азаматтарға көшпелі қабылдау өткізілді - Yvision.kz