БҚО-да Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күнін атап өтті
2016 жылдың 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне орай дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, құқық қорғау қызметінің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері және «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қатысушылары қатысты.
Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Исақов Б.Ә. өз сөзінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігін алғашқы болып түсінгендігін және онымен күресті мақсатты және жүйелі түрде бастағандығын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері біздің еліміздегі ұлттық саясаттың негізгі бағыты болып табылады. Сондай-ақ, ол Қазақстан алғашқы болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңын қабылдағандығын және 2001 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатырғандығын атап өтті. Жылдың басынан бері қолданыстағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы мен «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық Кодексі» «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілгендей, Қазақстанда кәсіби мемлекеттік аппарат құруға негіз бола білді.
Департамент басшысы дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын уәкілетті мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының сыбайлас жемқорлықты ескертуге және оның алдын-алуға бағытталған жұмысына аудартты.
Дөңгелек үстелде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері» тақырыбында Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш баяндама жасады. Ол өз баяндамасында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асырудың басымдықтары мен келешегі жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ, ол соңғы жылдары азаматтардың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті деңгейінің көтеріліп келе жатырғандығын және мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының арасында сындарлы диалог құрылғандығын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының БҚО бойынша Департаментінің басқарма басшысы Д.Қабанов «Батыс Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы» тақырыбындағы баяндамасында лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін олардың жауапкершілігін қамтамасыз ету жөнінде айтты.
Содан, дөңгелек үстелде жиналғандардың алдында «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын» жүзеге асырудың негізгі бағыттары бойынша БҚО «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Г.Сатыбалдина, БҚО «Жастар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Е.Мұқамбетқалиев және облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары З.Ғұмаровалар баяндама жасады.
Дөңгелек үстел соңында Департамент басшысы Б.Исақов қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда белсенді жұмыстары мен Департаментпен тұрақты қарым-қатынастағы колледждер мен мектеп директорларын, қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарымен марапаттады.
Сондай-ақ, Б.Исақов қабылданып жатырған шаралардың тиімділігі, ең алдымен, азаматтық қоғамның, мемлекеттік билік институттарының белсенділігіне, табысты өзара әрекеттестіккебайланысты екендігін атап өтті.
