«Ең сенімді жауынгер» Иманғали 60 жасқа толды
"Нұрсұлтанның ең сенімді серігі", "Қазақстанның үздік кризис менеджері", "Өнер жанашыры" және тағы да көптеген жақсы теңеулердің иесі, халық "Имекең" деп еркелетіп-сыйласқан Иманғали Тасмағанбетов бүгін 60 жасқа толып отыр.

Қазақстан комсомолдар ұйымының жетектішісі, Президент көмекшісі (1993), одан кейін үш рет Премьер-министрдің орынбасары (1995, 2000, 2016 ж.) қызметін атқарған. Сонымен қатар, Атырау облысы, Алматы мен Астана қаласының әкімдктерін, Қорғаныс (2014-2016 ж.), білім және мәдениет министріліктерін басқарған.

Ел аузында Иманғалидің айтқандары да көптеп таралған. Солардың бірі Астана қаласының халқына есеп беру кезінде орыс кемпірінің "Мешіттегі айқайлаған азан күніне 5 рет мазамды алады, бұл не сұмдық?!" - деп шағымданыпты. Сонда Иманғали "Егер де 6-рет айқайласа маған айта қойыңыз, шара қолданамыз!" - деп жауап берген екен.
Имекеңнің әншілігі де елдің үлкен назарына ілікті. Ютубтағы мына бір видео 55 мыңға жуық қаралымға ие болды.
Иманғали Нұрғалиұлының ешбір әкім бұзбаған рекорды бар. 2013 жылы Астана қаласы әкімі қызметінде жүрген кезінде Орталық коммуникациялар қызметінде 120 журналист, 65 түрлі БАҚ өкілдері алдында 2 сағат 10 минутқа (130 минут) созылған брифингте сөз сөйледі. Журналистердің бірде-бір сұрағына мүдірместен жауап берді дейді қатысқандар.

Иманғали жастарға кеңесін аямайды. Ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесімен де бөліседі.
Кезінде студент кезімізде оқығанда бізге жатақхана тимейтін, тимеген кезде біздер сол жатахқананың подвалында жататынбыз. Осыны қазіргі жастарға айтсан күлеп мырс етіп, бір аңыз сияқты, ойдан шығарып алынған аңыз сияқты сезіледі

Желтоқсанның 1 күні өткен Республикалық жастар форумында Премьер-министрдің орынбасарымен кездесуге мүмкіндік алды жастар. Қазіргі жастар қандай болу керек деген сұраққа былай жауап берді:
«Какими навыками должны владеть молодые люди, чтобы соответствовать динамично меняющемуся миру? Первое, на мой взгляд, это практическое мышление, второе — навыки коммуникации, умение работать в команде. Третье — творческий подход. Четвертый — самый важный, на мой взгляд, навык поведения в цифровой среде. Пятое — это полиязычность. Если, на мой взгляд, этими навыками будете обладать, то, безусловно, будете востребованы. Все те революционные требования, которые будут происходить в стране и мире, будут вам по душе, и вы будете естественно вплетены в этот процесс и будете успешными людьми»
Ауыл балаларымыз деп барлығымыз шіренеміз. Кішкентай болса да, әрбір жетістігімізді ауылымызбен байланыстырамыз. Алайда, ауылдан шығып, халықтың баласына айналған Иманғалидей азаматтар кемде-кем.
Иманғали ауыл балаларына үлгі, Новобогат ауылында туылып, еліміздің ең үлкен қызметтерін атқарған еңбегімен.
Иманғали жастарға үлгі, комсомолдық ұйымының жетекшісі атанып, үш рет Премьер-министр орынбасары қызметіне дейінгі жасаған жолымен.
Иманғали әрбір қазаққа үлгі, қазақтың тарихын, дәстүрін, музейлері мен мұражайларына көрсеткен қамқорлығы мен қолдауымен.
