Тәуелсіздік. Жастар. Қазақстан.
Бүгін Шымкентте «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы аясында PechaKucha үлгісінде – яғни құрылысы және ұзақтығы бойынша арнайы шектелген қысқаша баяндамаларды ұсыну әдістемесімен жастардың сөз сөйлеулері мен бейресми пікірталастары өтеді. Сөз сөйлеулер тақырыбы «Тәуелсіздік. Жастар. Қазақстан» деп анықталды.
Сонымен қатар облыс орталығында жергілікті тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынатын «Қазақстанда жасалған» өндірістік тауарлар көрмесі ашылады. Жүзден аса кәсіпорындар мен ұйымдар көрмеге қатысатыны туралы мәлімдеді. Олардың ішінде өз тауарларының сапасы мен сұранысы мойындалған және беделге ие болғандар да, сондай-ақ жаңа кәсіпорындар да бар.
Шаралар Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.
