Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Uber көмектесу үшін көмектеседі: Жаңа жыл қарсаңында Uber Астана мен Алматыда барлық тұтынушыларға қайырымды іс жасауға мүмкіндік береді

Алдағы демалыс күндері Uber барлық Астана мен Алматы тұрғындарына мұқтаж жандарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Оны қосымша арқылы көлікке тапсырыс беру секілді оңай ғана жасауға болады.

 

10 желтоқсан күні 12.00-ден 20.00-ге дейін Астана мен Алматыдағы кез келген Uber қолданушысы UberGIVING көлігін шақыртып, жүргізушіге өзгелермен бөліскісі келген киімдерін беріп жібере алады. Бұл күні Uber жинаған барлық киімдер Шұғыла қайырымдылық қорына беріледі, олар өз кезегінде киімдердің жаңа иесіне жеткізілуін қамтамасыз етеді. UberGIVING жобасына қатысу барлық Uber қолданушылары үшін тегін.

 

“Адамдарды қайырымды іс жасауға не ынталандырады? Әр адамның өз себебі бар. ­Өкінішке орай, көп жағдайда адам басқаларға көмек беру идеясынан бас тартып жатады, оған қайырымдылықты неден бастау, қайда хабарласу керектігін білмеуі себеп. Алдағы демалыс күндері жаңа технологиялар әр адамның мұқтаж жандарға шынайы көмек беру мүмкіндігін сыйлайды: тек Uber қосымшасы арқылы көлікке тапсырыс беріп, киімдерді жүргізуші арқылы беріп жіберу керек.  Мен қазақстандықтар үшін мұндай мүмкіндіктің әсіресе Жаңа жыл қарсаңында пайда болғанына өте қуаныштымын, ” – деді ТМД елдеріндегі Uber-дің бас менеджері Алексей Стах.

 

Нarvard University зерттеулеріне сәйкес, мұқтаж жандарға бағытталған науқандар өте маңызды әлеуметтік әсерге ие: шағын болса да өткізілетін осындай қайырымдылық жобалар адамдардың айналасындағыларына көмек көрсету ықтималдылығын арттырады.

 

Осы жылы Астана мен Алматы осындай науқанға Еуропаның 70 қаласы және 30 мемлекетімен бірге алғаш рет қатысатын болады, онда Uber қажетсіз киімдерді түрлі қайырымдылық ұйымдары үшін жинайтын болады.

 

UberGIVING науқанына қалай қатысуға болады:

●       Қайырымдылыққа бергіңіз келген киімдерді жинаңыз.

●       10 желтоқсан сенбі күні сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін Uber қосымшасын ашыңыз (әлі қосымшаны қолданбасаңыз, жүктеп алыңыз).

●       UberGIVING опциясын таңдаңыз, қажетті мекенжайға көлік шақыртыңыз.

●       Бірнеше минут ішінде сізге көлік келеді. Буып-түйілген киімдерді далаға алып шығып, жүргізушіге беріп жіберіңіз.

 

UberGIVING қайырымдылық науқанының өту шарттары:

●       Науқан 10 желтоқсанда жергілікті уақытпен 12.00 мен 20.00 аралығында Астана және Алматы қалаларының әкімшілік аумағында өткізіледі.

●       Науқан шеңберінде тек киім жиналады (UberGIVING опциясы арқылы жол жүруге болмайды).

●       UberGIVING арқылы тапсырыс бермес бұрын, киімдерді бөлек пакет немесе сөмкеге орап қою қажет, олар таза, киюге жарамды болуы тиіс. Бұл киімдер оларды әрі қарай тоздыратын жандарға беріледі.

●       UberGIVING науқаны аясында тек киімдер таратуға болады.

●       Жүргізушілер киімдерді тапсырыста көрсетілген мекенжайдан алып кетеді. Олардың көліктерін тастап кете алмауы себебінен, Uber буып-түйілген киімдерді көлікке апарып берулеріңізді өтінеді.

●       Астана мен Алматы тұрғындары үшін науқанға қатысу тегін.

#UberGIVINGAlmaty #UberGIVINGAstana  #UberGIVING

 
0
0
433

Осы тақырып бойынша

Uber көмектесу үшін көмектеседі: Жаңа жыл қарсаңында Uber Астана мен Алматыда барлық тұтынушыларға қайырымды іс жасауға мүмкіндік береді - Yvision.kz