uberX Шымкенттегі бағаларды төмендетеді
2017 ж. 6 сәуір, Шымкент: Uber, көлік жүргізушісі бар көлікке тапсырыс беретін халықаралық технологиялық компаниясы Шымкент қаласындағы жол жүрулердің бағасын төмендетті: енді ең төменгі жол жүру құны небәрі 250 теңгені құрайды. Жолдағы бір шақырымның құны енді 30 теңге, ал жол жүрудің минуты небәрі 8 теңге мөлшерінде. Uber үлкен қалалардың барлық тұрғындарының сапарларын барынша ыңғайлы әрі қолжетімді етуге тырысады. Енді Шымкенттегі барынша көбірек қолданушы көліктерге uberX арқылы тапсырыс бере алады. Көбірек тапсырыс – серіктес көлік жүргізушілердің табыс табуы үшін көбірек мүмкіндік. Uber барлық жаңа қолданушыларға құны 750 теңгеге дейінгі алғашқы сапарды тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Ол үшін Uber қосымшасын орнатып, тіркелу керек және ТӨЛЕМ бөліміндегі UBER4SHYMKENT промокодын…