Жоғарғы Сот банкке қойған талап арызын қанағаттандырудан бас тартып, банктік келісімдердің талаптарын оларға қол қойылғанға дейін зерделеу қажеттілігіне назар аударды
Азамат А. жауапкерлер «Kaspi Bank» АҚ-ға, «Kaspi Сақтандыру» АҚ-ға банктік қарыз шартының тармақтарын, ерікті сақтандыру шартын жарамсыз деп тану және бастапқы қалпына келтіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.
Банктің және сақтандыру компаниясының өтінішхатын зерделеу барысында сот талап қоюшының талаптары шарттың 1.14- тармағының талаптарына қайшы келетіндігі жөнінде тұжырымға келді. Келісімге сәйкес қарыз алушы АҚ-нің 388 - бабының тәртібімен тараптардың арасындағы қатынасты реттейтін, банктік қарыз шартының ажырамас бөлігі болып табылатын Басты талаппен банкте жеке өзінің қатысуымен танысып және келісетінін бекіткен.
Кешенді банктік қызмет көрсету келісімнің 1-бөлігінің 3) тармақшасында тараптардың банктік қызмет көрсету үшін банкке комиссия төлеудің талаптары көзделген.
Талап қоюшы қарыз шартының және банктік қызмет көрсету шартының жасалғаны жөніндегі мән-жайды дауламаған.
Сот азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейтінін ескеріп, талап қоюшының талаптарын негізсіз деп тапты.
Сот талап қоюшының ерікті сақтандыру шартын жарамсыз деп тану туралы талабын зерделей келе, шартқа банк және клиент қол қойғандықтан, банк клиентті дауланып отырған шартты жасауға мәжбүр ете алмайды деген тұжырымға келді.
Бұдан бөлек, сақтандыру шарты ерікті болып табылады, клиенттің қалауы бойынша ғана жасалады.
Еріктілік шарттың белгісі ретінде оның талаптарында да бекітілген, өйткені клиент кез келген уақытта сақтандыру шартын біржақты тәртіппен бұзуға және сақтандыру сыйақысын қайтарып алуға құқылы.
Жоғарғы Сот екінші сатыдағы соттың қаулысының күшін жойып және бірінші сатыдағы соттың шешімін заңды деп танып, талапкердің талабын қанағаттандырудан бас тартты.

