Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ
2016 жылдың 8 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 9 желтоқсан - Сыбайлас жемқорлықпен Халықаралық күрес күніне орай, «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Е.Төлепқалиев қатысып, 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлықмен күрес күнінің тарихы туралы және мемлекеттік қызмет саласындағы реформаларға тоқталды.
