«Адал жол-Честный путь» марафоны мәресіне жетті
А.ж. 9 желтоқсанында «Достар» мәдениет сарайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Адал жол-Честный путь» форумын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, облыстың барлық өңірлерінде өткен «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының қорытындыларын шығару.
Марафонға қатысушылар өздерінің фотосуреттері мен игі тілектерін естелік ретінде қалдырған Кітап марафонның өзіндік символына айналды. Форум барысында Зеренді ауданы әкімінің орынбасары А. Хамиев Марафон кітабын Департамент басшысы Б. Беспалиновке салтанатты түрде табыс етті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру ісіне қосқан үлесі үшін бірінші, екінші және үшінші орындар үшін құрмет грамоталарымен Астрахан, Жақсы, Ерейментау аудандарының белсенділері марапатталды. Марафонға белсенді қатысқандары үшін Степногорск қ., Бұланды және Шортанды аудандарының өкілдері «Бірегей шешім» «Әлеуметтік мәселеге заманауи көзқарас» және «Кері байланыс» номинациялары бойынша марапатталды. Сонымен қатар, «BBS-IT» талдау орталығы» ЖШС директорының орынбасары Г. Әбілмәжінова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік мониторинг» номинациясы бойынша марапатталды.«Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының өңірімізде а.ж. 1 сәуірінде бастау алғанын атап өткен жөн. Марафон өткізу аясында үш жүз сексеннен астам іс-шаралар өткізілді, солардың ішінде түрлі конференциялар, дөңгелек үстелдер, спорттық және шығармашылық іс-шаралар, ақпараттық кеңістікке екі жүзден астам ақпарат жарияланды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралармен халықтың барлық топтары, атап айтқанда, мемлекеттік құрылымдардың, азаматтық сектордың, жастардың өкілдері, мектеп және мектепке дейінгі жастағы балалар қамтылды. Марафон аясында өткізілген іс-шараларға жалпы саны қырық жеті мыңнан астам адам қатысты.
Форумға облыстың барлық өңірлерінен үш жүз сексеннен астам адам қатысты.

