Халыққа қызмет көрсету орталығындағы дөңгелек үстел
А.ж 8 желтоқсанда Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КАҚ филиалында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстелдерді өткізу аясында ХҚКО қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы – мемлекеттік қызметшілер халықпен тығыз байланыста болатын жағдайдағы қоғамдық өмірдің бір ережесі ретінде ашу.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Департаменттің басшысы Б. Беспалинов, Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КАҚ филиалы директорының м.а. Ш. Ерғалиев, Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ә. Мұхамеджанов, «ХҚКО» департаментінің құжаттамалық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А. Құсайынов, Департаменттің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ә. Мұхамеджанов пен «ХҚКО» департаментінің құжаттамалық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А. Құсайынов «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі мен тиімділігі» тақырыптарындағы баяндамалар оқыды.Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, Департамент басшысы Б. Беспалинов Ақмола облысы тұрғындарының барлық топтарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмыс жүргізіліп отырғанын және бұл бағытта оң нәтижелердің баршылығын, дегенмен, құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын туғызуға бағытталған жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті.

