2016 жылдың 6 желтоқсанында Экономикалық серіктестік және даму ұйымы халықаралық зерттеу жүргізе отырып, PISA-2015 бойынша 15 жастағы оқушылардың жетістіктерін халыққа жариялады. PISA-2015-ке әлемнің 72 елінен 500 000 он бес жастағы оқушы қатысты. Ал Қазақстан атынан 5 780 оқушы мен студент (189 мектеп, 27 колледж) қатысты. Экономикалық серіктестік және даму ұйымы алған балл бойынша елдерді бөлмейді. ОЭСР негізгі мақсаты – оқыту жүйесіндегі прогресті көрсету. Біздің қатысушылар PISA-2012-мен салыстырғанда әртүрлі бағыттағы зерттеу нәтижесінде прогресс бар екендігін көрсетті. Математика бойынша өсім -28, жаратылыстану бойынша өсім -31 болды. Математикалық және жаратылыстану бойынша прогресс жоғары деңгейін сақтап отыр. 2009 бен 2012 жылды салыстырғандағы прогресс 17 және 25 балл болатын. PISA-2015-те оқушыларымыз сауатты оқу бойынша ең жоғары баллды иеленді (+34).
Бұл жетістіктер Елбасының тапсырмасымен жасалған «Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытудағы Ұлт жоспары» бойынша және мектеп бағдарламасындағы өзгертулер шарасының арқасында мүмкін болып отыр. Осылайша, білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты орындалды. Білім және ғылым министрлігінің 2014-2018 жылдарға математика бойынша 440 балл (факт 460), жаратылыстану бойынша 430 балл (факт 456), сауатты оқу бойынша 400 балл (факт 427). PISA-2015-ке алғаш рет 15 жастағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары да қатысты (2061 адам). НЗМ оқитын оқушылар мен жалпы білім беретін мектеп оқушыларының білімдері сараланды. НЗМ мектебінде оқитын оқушылардың математика бойынша көрсеткіштері білім жүйесі дамыған бірқатар мемлекетпен тең түсті (Сингапур, Гонконг, Макао, қытайлық Тайбэй, Жапония т.б.). Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары математикадан 523 балл, жаратылыстанудан 517, сауатты оқудан 492 балл жинады. PISA-2015 бойынша Қазақстан нәтижелері жасырын сақталуда. Нақты қорытындылар және ұсыныстар толық әрі терең анализ жасалынып біткен соң 2017 жылғы Ұлттық есеп беру кезінде жарияланады.
Анықтамалық: негізгі айырмашылықтары TIMSS және PISA зерттеу мен таңдау
TIMSS-ке 4 және 8 сынып оқушылары қатысады. PISA-ға 15 жасар (7-12 сынып) мектеп және колледж оқушылары қатысады.
TIMSS академиялық білімді (Не? Қайда? Қашан?) тексереді, 80% сұрақ білімді тыңдауға арналған.
PISA функционалды компетенцияны тексереді. Білімді әр түрлі өмірлік жағдайларда логикалық түрде тиімді қолдану және негізі бар қорытынды жасау, ақпараттық графикалар мен диаграммаларды қолдану (Неге? Не үшін? Қалай?). 70% сұрақ білімді қолдануға бағытталған.

