Мазмұнға өту

Жаңа

Болашақ жастардың қолында

Тəуелсіз елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ. Еліміздің жарқын болашағы білім нəрімен сусындаған, парасат-пайымы мол, жоғары мəдениетті жастардың қолында.

2016 жылдың 10-15 қараша аралығында ОҚО Төле би ауданында орналасқан «Бəйшешек» спортты-сауықтыру орталығында жас ұрпақтың бойына адамгершілік және мәдениеттілік құзіреттіліктерін қалыптастыру, саяси білімін жандандыру, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Дін істері жəне азаматтық  қоғам министрлігінің тапсырысымен Еуразиялық келісім қоры «Жастар Отанға» жастар лагерін өткізді. Лагерьге республиканың 14 облысынан 50-ден аса  белсенді студент жастар қатысты.

Лагерь барысында білікті мамандар семинар-тренингтер, жастардың бойындағы сенімділікті бекіте түсетін ойындар, көпшілік алдында сөйлеу, ораторлық қабілетті арттыру мақсатында пікір алмасулар және мызғымас достық орнатып, жолдастық қатынасын бекем ете түсетін спорттық ойындар ұйымдастырды. Жастар лагерінің ашылу салтанатында  əр облыс жастарының басын біріктіріп, достық ортасын қалыптастыру мақсатында 6 топқа  бөлді. Топтар «Forever friends», «Boom», «Red Bull», «Жұлдыздар», «Айналайын», «Ұлы дала ұландары» деген атауларды иемденді.

Лагерь аясында командалардың достығын нығайту мақсатында сауықтыру орталығының территориясында селфи ойыны өткізілді. Ойын шарты бойынша командалар жасырылған əріптерді тауып, ортақ селфи жасап, жинақталған əріптерден бір сөз құрауы тиіс. Ойын қорытындысы бойынша командалар жасырылған “отансүйгіштік” сөзі екенін анықтады.

Жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыруға, олардың денсаулығын сақтауға бағытталған командалық волейбол, ұлдар мен қыздар арасында теннис сияқты спорттық ойындар ойнатылды.

Білім – ақыл-ойдың бастапқы түрткісі және негізгі құралы. Əрбір адам салауатты өмір сүру үшін біріншіден ақыл-ойын жетілдіру керек. Лагер барысында интелектуалдық шахмат, дойбы ойындары да ойнатылды. Жеңімпаздар командаларына жоғары ұпайлар сыйлады. “Жастар Отанға” жастар лагері білімнің ғана емес, салауатты өмірдің, қыл өтпес татулықтың ордасы болды.

Ұлт тағдыры - ұрпақ қолында. Болашаққа үлкен сеніммен қадам басу үшін өткенмен қуаттанып, жастармен қанаттану керек.

 
0
0
8391

Арзан және жылдам: ұтымды стартапты қалай жүзеге асырамыз

Тың идея. Жаңа жоба. Болашақ үлкен компания. Бұның барлығы “StartUp” ұғымына тиесілі. StartUp - инновациялық жаңа идеяға негізделіп бизнес құруды көздеген жаңа компания. Немесе оны инновациялармен жаңа технологияларды дамытуға бағытталған қозғалыс десек те болады. Бұл ұғым күннен – күнге әлемді айнала кезіп, заман ағымына ілесуге шақырады. Бүгінде “StartUp”-тың не екенін түсіндіріп, бизнесті бастап, әрмен қарай қалай дамыту керек екендігі жайлы түрлі кеңестер, нұсқаулар ұсынатын  шеберлік сыныптары бар.

Осындай шеберлік сыныптарының бірін – «StartUp: А-дан Я-ға дейін» -  «Жастар Отанға» жастар лагері жобасы аясында ОҚО «Кәсіпкерлік метебінің» тренері Есжанов Азиз өткізді. Еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған дарынды жастар оған белсене қатысты. Бұл шеберлік сыныбы жаңа технологияларды игеруге шақырып, бәсекеге қабілетті болуға бағыттады.

Тренинг барысында жас буын стартап жобаларына арналған стартапты қаржыландыру, оның қалыптасуы мен дамуы, қолдау бағдарламалары мен тәсілдері сияқты пайдалы ақпараттармен өз білімін толықтырды. Сондай-ақ, студенттер тренингте алған ақпараттарыныңнеізінде бизнес жоспар жасап, жаңа стартап жобасын ұсынып, таныстырды.

Тренинг жүргізушінің жас кәсіпкер болуы, әрі оның осы салада қиындықтарды бастан кешіріп, қайта аяққа тұруы жастарға ерекше жігер сыйлағаны сөзсіз. Мұны аталмыш шеберлік сыныбының басты артықшылығы ретінде көрсетуге болады.

Кез келген істе жетістікке жетуде ұстанатын қағида – ерінбей еңбек ету  және өзіне деген сенімділікті жоғалтпау. Бизнесте де осы ереженің сақталатынына шеберлік сыныпқа қатысушы жастарымыздың көздері жетті.

 
0
0
741

Ұлттық тарих – отансүйгіштік патриоттық сезім қалыптастырудың алғышарттары

«Жастар Отанға» жастар лагерінің қатысушылары жоба аясында қазақтың белгілі қаламгері, талантты жазушы Мархабат Байғұтпен кездесті. Бұл басқосу Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Мақсат - жастар арасында ұлы тұлғалардың еңбегін насихаттау арқылы еліміздің 25 жылда жеткен жетістігін дәріптеу. Тағылымы мол кездесуде жазушы шығармаларын оқыту арқылы әдебиет құндылықтарын арттыру тілге тиек етілді.

Кездесу барысында жазушы жиналған жастарға Абылай хан заманы өткенсін-ақ дертті болған қазақтың тарихи жадысы мың соққыға ұшырап, аңсап қол жеткізген егемендігіміздің қадір-қасиеті туралы айтып өтті. Сонымен қатар, өзге өңірлерден келген студенттерге қаламгер киелі оңтүстік жері, соның ішінде Төле би ауданының тарихымен де таныстыра кетті.

Кештің соңында отырысқа қатысқан жастар өз тарапынан қызықты әңгімесі үшін Мархабат Байғұтқа алғыстарын жаудырып, өнерлерімен бөлісті. Бірі әдебиеттен жыр шертсе, енді бірі қара домбыраны қолға алып әндетіп берді.

   
0
0
1126

«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі»

2016 жылдың 13 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Орал гуманитарлық колледжінің мәжіліс залында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында семинар  өткізілді.

Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Б.Хайруллин қатысып, баяндама оқыды.

Шараға ғалымдар, мемлекеттік қызметшілер, студенттер, қоғамдық ұйым өкілдері қатынасып, өз ойларын ортаға салды.

 

13 декабря 2016 года в Уральском гуманитарном колледже управлением развития языков Западно-Казахстанской области организован семинар на тему «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі».

На семинаре выступил с докладом представитель Департамента Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции по Западно-Казахстанской области Хайруллин Б.

В мероприятии приняли участие ученые, государственные служащие, студенты, представители общественных объединений, где они высказали свои  мнения.

0
0
594

Қызылордада «Құқық тәртібі» шарасының бірінші күнінде 772 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 12-14 күндері аралығында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мейрамын мерекелеу қарсаңында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы  қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшкен болатын.

Аталған іс-шараға 1000-ға жуық ІІО-ның жеке құрамы жұмылдырылып, іс-шараның бірінші күнінде барлығы 15 қылмыстың беті ашылып, 772 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзу фактілерінің бірі – автокөлікті мас күйінде басқарған 14 жүргізуші анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 145 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 116 жүргізушіге, жылдамдықты шамадан тыс асырып басқарған 72 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, «Мүлдем төзбеушілік» қағидаты аясында  қала мен елдімекен аумақтарын көріктендіру ережесін бұзу дерегі бойынша 113, спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу дерегі бойынша 71, ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 50 құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар көрілді.

Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзудың 48 дерегі анықталды.

 

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 
0
0
537

Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне орай

2016 жылдың 9 желтоқсан күні ҚР инвестиция және даму министрлігі көлік комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясында 9 желтоқсан  - Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне орай семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Б.Хайруллин қатысып, 9-желтоқсан сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күнінің тарихы туралы және мемлекеттік қызмет саласындағы реформаларға тоқталды.

Сонымен қатар, тыңдаушылардың сыбайлас жемқорлық туралы түсінігін айқындайтын арнайы зерттеу сауалнамалары толтырылды.

 

9 декабря 2016 года в инспекции транспортного контроля по Западно-Казахстанской области Комитета транспорта Министерство по инвестициям и развитию РК проведено семинар-совещания к 9 – декабря Международному дню борьбы против коррупции.

На семинар-совещание представитель Департамента Агентства по делам государственной службы и противодействия коррупции по Западно-Казахстанской области Б.Хайруллин рассказал об истории Международного дня борьбы коррупции и о реформах в сфере государственной службы.

Также, были заполнены специальные исследовательские анкеты, которые помогут выявить мнение слушателей по вопросам коррупции.

 
0
0
302

Шешімі қиын деген бес проблемалар

Біз ең өзекті тақырыптарды іріктеп, қоғамымыздың әдеттегі шешімі қиын деген бес проблемасын анықтадық.

Сонымен, проблемалардың тізімі мынадай: итті серундету ережесі, көшені жарықтандыру, ауланы көріктендіру, балалар алаңқайын көріктендіру және қоғамдық көлік мәселелері.

Бұлар неге шешімін тапай отыр?Өйткені кейбір азаматтар шағымданғысы келгенімен, оны жүзеге асыра алмайды. Ал қалғанының  қолынан келсе де, ниеті жоқ.

Осы мәселені қарастырайық!

Толығырақ Транспаренси Қазақстан сайтында.

1
0
2051

Май ауданыңда Тәуелсіздік құрдастары кездесті

Май ауданының орталығы Көктөбе ауылында, Көктөбе орта мектебінде «Тәуелсіздік ұландары» атты аудандық форум өтті. Ауқымды шара өз тағдырын тәуелсіз Қазақстанның тағдырымен байланыстырған, егеменді елдің гүлденуіне зор үлес қосып келе жатқан азаматтардың басын біріктірді. Мақсатын азат елдің арманымен ұштастырып, елдің абыройын асқақтатуға өз еңбегімен тер төгіп жүрген аудан тұрғындары форумға арнайы шақырылды.

Форумға қатысушылардың арасында ауданның мемлекеттік жас қызметшілер, ұстаздар, студенттер, оқушылар мен мекеме басшыларына дейін болды. Бұл патриоттық форумның алдында экранда «Армандастар»  жастар орталығы жайлы бейне-ролик көрсетілді. Форум еліміздің әнұранымен ашылып, алғы сөзді Май ауданының әкімі Ардақ Амангелдіұлы Қаңтарбаев сөзімен жалғасты.

Тәуелсіз жылдың ішінде мұң құбылып тұрған әлемде Қазақстаннның нық қадам басып, қазіргі жетістіктерге қол жеткізгеніміз, Елбасымыз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатының, стратегиялық көрегендігі мен көрнекі жасампаз қызметінің және қарапайым халықтың ерен еңбегінің арқасы екендігін айрықша атап көрсетті. Аудан әкімі өз сөзін аяқтағаннан соң, аудан көлемініде әртүрлі салада еңбек етіп жатқан еліміздің тәуелсіздігінің құрдастарын алғыс хаттармен марапаттады. Келесі сөз «Армандастар» жастар орталығының директоры, Май аудандық «Нұр Отан» партиясының  «Жас Отан» жастар қанатының бөлімшесінің басшысы  Ернұр Машрапұлы Ибраев ауданның белсенді жастарына алғыс хаттарын табыстады.

Көпшілікті жинаған аталмыш форум патриоттық әндермен жалғасын тапты. Өскелең ұрпақты өз тағдырын елімен байланрыстыруға, патриотизмге баулуға шақырған форумның маңызы өте зор. Ұйымдастырушылар осы кездесу жастар мен аудан тұрғындарының болашақ тағдырына ықпал етеді деген ойда.

 
0
0
1092

Әлеуметтік желілердің ақпараттық мәдениеті

Бүгін "Жастар Отанға" жастар лагерінің алаңында диалогтық алаң "Жастар ортасындағы әлеуметтік өзгеріс" тақырыбында ұйымдастырылған болатын. Халық айтады ғой: "Шындық даудан туады" диалог үшін алаңдағы дәл осы ұйымның идеясы барлық Қазақстан жастарының қатысушыларға жалпы құнын құруға және тақырыпты терең ұғынуларына мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңдағы әрбір жас қазақстандық күнді өзінің Instagram немесе Facebookтағы парақшасын парақтаудан бастайтыны ешкімге құпия емес, бұл оның бірқатар оқиғалар желісінде қалуына мүмкіндік береді. Ақпараттық заманда жаңа заман теxнологиясына төтеп беру қиын, әсіресе ұялы телефон теxнологиясын атап өтсек болады. Дәл осы ұялы телефон бүгінгі таңда сіз бен біздің өміріміздегі қажетті бөлігімізге айналды.

Қатысушы сарапшы ретінде осы шараға қатысқан – қоғамдық тұлға, әлеуметтанушы, блогер - Абен Абдрасилов. Ол өз сөзінің барысында тыңдаушыларға әлеуметтік желінің жалпы, сондай-ақ жас қолданушылар үшін өте дұрыс және керекті ақпараттарды, сонымен қатар бүкіләлемдік желі төңірегінде өзін ұстау мәдениетін атап өтті. Шын мәнінде желідегі мәдениет тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем үшін де үлкен мәселе болып қалмақ. Монитордың арғы жағында емес, жүзбе жүз болғанын дәлелдей келе алаң ішіндегі көтерілген тақырып аудиторияны толығымен қамтып қана қоймай, сонымен қатар өзіне 50 белсенді балаларды баурап алған көріністі бақылау өте жағымды әсер қалдырды.

 
0
0
733

«Кампина» жауапкершілігі шектеулі қоғамы шығарған «Нежный» пастерленген йогурт өнімі сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінен шығарылды.

«Кампина» жауапкершілігі шектеулі қоғамы өндірген «Нежный» пастерленген йогурт өнімдерінің  КО ТҰ 021/2011, КО ТҰ 022/2011, КО ТҰ 033/2013 талаптарына сәйкестігіне қоғамдық тексеру жүргізген «Сапа» тұтынушылардың құқтарын қорғау ұлттық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өтініші бойынша  аталған өнімдер ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінен шығарылды.

Қоғамдық тексеру аясында қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінде тереңдетілген лабораториялық зерттеулер өткізді. Тексерулердің қорытындысы аталмыш өнімдердің Кеден одағының техникалық ұсынымдары талаптарына сәйкестігін көрсетті.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6429

0
0
577