Марафонның Зеренді ауданындағы аяқталу кезеңі
Зеренді ауданында а.ж. 23 қарашасында бастау алған «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның шешуші кезеңінде салтанатты шара өтті, онда дәстүрлі облыстық мега-жобаның қорытындылары жасалды.
«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Зеренді ауданында 18 іс-шара өткізілді: Сандықтау ауданынан «эстафета алауын» салтанатты түрде қабылдау, 3 дөңгелек үстел, акция флеш-мобы, мемлекеттік қызметкерлер арасында 2 спорттық іс-шара, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері және оқушылары арасында балалар суретінің 2 конкурсы, балалар ертеңгіліктері, дебаттар, жастар форумы, дәрістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның 2 мәжілісі, ақпараттық сағат және марафонның аяқталуы бойынша салтанатты іс-шара.
Біздің еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат мемлекеттің өркениетті және экономикалық дамуын қалыптастыру жағдайында ең маңызды міндеттерді шешу болып табылады. Себебі сыбайлас жемқорлық кез келген мемлекеттің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, қоғамда демократиялық жаңартулардың жүзеге асуын тоқтатады. Ең бастысы – адамдарда қоғамдық құндылықтарға, заң мен әділеттілікке деген сенімді жойдырады.
Азаматтық қоғамның дамуы құқықтық мемлекетті құрудың маңызды қадамы болып табылады. Және ағымдағы жылы марафон арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту үшін ауданда қоғамды және оның институттарын максималды түрде жұмылдыру болды, ол сыбайлас жемқорлықтың кез келген төзімсіздігіне «нөлдік» атмосфераны құру, сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру, тұрғындарға білім беру және тәрбиелеу болып табылады.
Ол үшін екі апта ішінде әр түрлі жастар мен әлеуметтік топтардағы зеренділіктерді 2570 адамнан құрылған тұрғындарды жалпы қамтумен әр түрлі диалогтік алаңшалар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдеріне үйретті.
