Мазмұнға өту

Жаңа

Жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу

А.ж. 13 қаңтарында Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметшілермен «Мансапты ынталандыру және уәждемелеу» тақырыбына дәріс-әңгімелесу өтті.Кездесудің модераторы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Жайықбаев мемлекеттік қызметшілердің кәсіби өсімін және оны ынталандыру жайында, меритократия принциптері мен мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне баяндап, қатысушылармен сұхбат құрды. Іс-шара 29 адамды қамтыды.
Департамент госслужбы

0
0
439

Жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу

А.ж. 13 қаңтарында Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында мемлекеттік қызметке алғаш орналасқан қызметшілермен практикалық сабақ өтті. Кездесу сұхбат форматында өтті. Кездесудің модераторы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Беспалинов Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін реформалау, оның мақсаттары мен күтілетін нәтижелері жайлы баяндады. Мемлекеттік қызмет реформасының басым бағыттары туралы сөз қозғалып, меритократия принциптері мен мемлекеттік қызметтің мансаптық үлгісіне баса назар аударылды. Аталған сабақ ашық сұхбат алаңын құруға мүмкіндік беріп, барлық қатысушылар қойылған сұрақтарына жан-жақты…

0
0
574

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы

Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Е.Евниеваның қатысуымен Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіру тақырыбына семинар ұйымдастырды. Жиналған мемлекеттік қызметшілер аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шараға 11 мемлекеттік қыз…

0
0
483

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілерді аттестаттауға дайындық жөнінде арнайы репортаж

А.ж. 12 қаңтарында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментімен Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бірінші реформасын іске асыру аясында «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының арнасында «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кезектен тыс кешенді аттестациясына дайындық жұмыстары туралы кеңейтілген репортаж ұйымдастырды. Арнайы репортаж аттестацияның екінші кезеңі – жеке қасиеттерді бағалау сынағы өтетін тестілеу залынан өткізілді. Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Братаева аймақтың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кезектен тыс кешенді аттестациясына дайындығы жөнінде баяндады. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және…

0
0
354

Сағынышпен, мұң қайғы, қуанышпен таласып «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Эдгар Туниянц «О печали» Бейнематериал авторы – Татьяна А. Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – Күндеріммен сырласып, түндеріммен мұңдасып, Бір моншаққа ретімен, бәрі жатыр тізіліп. Сағынышпен, мұң қайғы, қуанышпен таласып, Өмірімді сұрамастан, жатыр менің өзгертіп. Түсінсе де, түсінбейді, неге жаным, жалғанда? Кімді іздейді, нені іздейді, жанталасып арманда? Сағынышпен, жанға жара, тағы тағдыр салғанда, Түңілместен, үміт құрып, неге жатам ақ таңда? Таба алмадым, іздесемде, мен өзіңдей адамды, Бұл тағдырдың тәлкегі ме, ұмыттырмас қылғаны? Кетпей қойдың, мазалайсың, күндіз-түні ойымды, Махаббат па, сағыныш па, қалай өзі болғаны? Сенен өмір, қалғаным ба, жауабымды бір таппай? Дауылыңнан, ызғарыңнан, ж…

1
1
1109

БҚО аудандарында «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілерге аттестаттау өткізудің тәртібі жөнінде түсіндірілуде

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен облыстағы мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне аттестаттау өткізудің тәртібі мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. 2017 жылдың 13 қаңтарда Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов Зеленов және Теректі аудандарында көшпелі семинар-кеңес пен азаматтарға қабылдау өткізді. Семинар-кеңес жұмысына аудан мен ауылдық округтер әкімдіктерінің әкімдері мен мемлекеттік қызметшілері қатысты. Б.Ә.Исақов өз сөзінде бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесі жаңғыртылғандығын, ал мансаптық модельге өту тек қана конкурстық негізде жүзеге асырылатындығын және…

0
0
374

Имандылық құлашын кең жайған елді мекен

Қостанай облысы Қарасу ауданына қарасты Октябрьск кентінде жергілікті халықтың игілігіне діни сауатын ашуға барлық жағдай жасалған. Бұл жердегі тұрғындар осы мешіттің ашылуына және қазіргі діни тұрғыда барлық өрісті істеліп отырған имам Салих Серік қажы Қуаныштайұлына шын жүректен ризашылықтарын білдіріп келеді. Мұнда әу баста 90-шы жылдардың ортасында мешіт болған емес. Қазіргі кезде осындағы мешітті көруге және оның көп салалы істерімен танысуға, келелі оң үлгілерін біліп көруге жан-жақтан діни имандылық жолын қуған адамдар көптеп келуде. Жақында ғана бұл мешітте облыс діни өкілдігі өте пайдалы семинар өткізді. Имам Салих Серік қажы үлкен еңбек сіңірген қайраткер Алматыдан дін оқуын бітіріп келген жас имам мұнда мешіт салуды қолға алды. Бұрын спорт ойындарын өткізетін кішігірім залды оғ…

0
0
722

2017 жылғы қаңтардың 06-нан бастап 12-сін қоса алғандағы кезең ішінде

1. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде 1220 нормативтік құқықтық акті тіркелді;

2.  Құқықтық ақпараттық қызмет азаматтардың 2372 сұрақтары бойынша консультация көрсетті;

3.  «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесіне 1047 нормативтік құқықтық акті енгізілді.

Сондай-ақ, 2016 жылдың 6 сәуіріндегі № 480-V «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚРЗ 67 бабының 2 тармағына сәйкес НҚА «Әділет» АҚЖ ресми жариялануы 2017 жылдың 01 қаңтарына дейін орындалғанын хабарлайды.

Осыған орай, «Әділет» АҚЖ-да жарияланған ресми жариялау туралы ақпарат есептік мерзім аралығында көрсетілмеген және келешекте жіберілмейді.

0
0
456

«Мастер мен Маргарита» романы туралы жеке пікір

«Мастер және Маргарита» романын оқып болып, дәл осы туынды желісімен түсірілген сериалды тамашалап отырған едім. Картинаға беріліп кеткенім соншалық, қасыма жақындаған әріптес апайды байқамай қалыппын. - Нендей қызық болып жатыр? - А, «Мастер мен Маргарита» ғой. - Кітабын оқысаң, пайдасы көбірек. - Жаңа қазірде бітіріп, енді сериалын да қарамақшы едім. - Жаңа қазірде? Неге тым кеш оқып жатырсың? Ол романның танымал болған кезі сол 84-85-шы жылдар еді ғой. Бәріміз жабыла оқыған едік. «Модно» болатын. - Мен 84-те тіпті жоспарда жоқ едім, ал 85 –тің аяқ жағы болса, өмірде бар болғаныммен жоқ сияқты бір қызық дәурен кешкен едім. - Ә, иә, сен 86-сың ғой? Мектепте оқытпады ма? - Орыс әдебиетінде айтса, айтқан шығар. Қайбір жөнді есте қалыпты дейсіз. Оның үстіне мен қазақ сыныбын тәмәмдадым. Ром…

3
4
5920

ҚР ДСӘДМ-де мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде (әрі қарай –ДСӘДМ) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Үйлестіру кеңесінің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аймақтық департаменттерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында ҚР-дағы мүгедектер өмірінің сапасын арттыру, олардың құқықтарын жүзеге асыру мәселелері, мүгедектердің қоғамның мәдени, спорттық өміріне қатысу көрсеткішін арттыру мәселелері қарастырылды. Мүгедектердің құқықтарын қ…

0
0
547