Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы жайлы

Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Е.Евниеваның қатысуымен Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіру тақырыбына семинар ұйымдастырды. Жиналған мемлекеттік қызметшілер аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпараттандырылды. Аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді. Семинар барысында қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шараға 11 мемлекеттік қызметші қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
443

Осы тақырып бойынша