Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілерді аттестаттауға дайындық жөнінде арнайы репортаж
А.ж. 12 қаңтарында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментімен Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бірінші реформасын іске асыру аясында «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының арнасында «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кезектен тыс кешенді аттестациясына дайындық жұмыстары туралы кеңейтілген репортаж ұйымдастырды. Арнайы репортаж аттестацияның екінші кезеңі – жеке қасиеттерді бағалау сынағы өтетін тестілеу залынан өткізілді. Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Братаева аймақтың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кезектен тыс кешенді аттестациясына дайындығы жөнінде баяндады. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығының директоры, облыстық мәслихат депутаты А.Баймағамбетов, мемлекеттік қызметтің ардагері, «Құрмет» орденінің иегері М.Құлмағамбетов, Ақмола облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ. Төлеғұл өздерінің аттестациялау жөніндегі оң пікірлерін айтты.

