Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО аудандарында «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілерге аттестаттау өткізудің тәртібі жөнінде түсіндірілуде

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен облыстағы мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне аттестаттау өткізудің тәртібі мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

2017 жылдың 13 қаңтарда Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов Зеленов және Теректі аудандарында көшпелі семинар-кеңес пен азаматтарға қабылдау өткізді.

Семинар-кеңес жұмысына аудан мен ауылдық округтер әкімдіктерінің әкімдері мен мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Б.Ә.Исақов өз сөзінде бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесі жаңғыртылғандығын, ал мансаптық модельге өту тек қана конкурстық негізде жүзеге асырылатындығын және қазақстандық модельдің басты құндылығы – ол мемлекеттік қызметте мансап құруға лайықты азаматтарға әділ әрі шынайы әлеуметтік сатыны қамтамасыз ету екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, ол «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалды реформасын жүзеге асыру шеңберінде, кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша биылғы жартыжылдықта «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері кешенді аттестаттаудан өтетіндігін баяндады. Аттестаттау негізгі екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншіден, «Б» корпусындағы қызметшілердің кәсіби деңгейін тексеру, ал екіншіден олардың қызметтегі дамуы мен көтерілуге әлеуетін анықтау болып табылады.

Көшпелі кездесу кезінде Департамент басшысы аудан мен ауылдардың тұрғындарына қабылдау өткізді. Азаматтардан келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды тыңдап, әрі қарай оларға нақты түсініктер берді.

         
0
0
328

Осы тақырып бойынша

БҚО аудандарында «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілерге аттестаттау өткізудің тәртібі жөнінде түсіндірілуде - Yvision.kz