Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу

А.ж. 13 қаңтарында Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметшілермен «Мансапты ынталандыру және уәждемелеу» тақырыбына дәріс-әңгімелесу өтті.Кездесудің модераторы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Жайықбаев мемлекеттік қызметшілердің кәсіби өсімін және оны ынталандыру жайында, меритократия принциптері мен мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне баяндап, қатысушылармен сұхбат құрды. Іс-шара 29 адамды қамтыды.
Департамент госслужбы

0
0
405

Осы тақырып бойынша