Сағынышпен, мұң қайғы, қуанышпен таласып «Аудио өлең»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Эдгар Туниянц «О печали»
Бейнематериал авторы – Татьяна А.
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте –
Күндеріммен сырласып, түндеріммен мұңдасып,
Бір моншаққа ретімен, бәрі жатыр тізіліп.
Сағынышпен, мұң қайғы, қуанышпен таласып,
Өмірімді сұрамастан, жатыр менің өзгертіп.
Түсінсе де, түсінбейді, неге жаным, жалғанда?
Кімді іздейді, нені іздейді, жанталасып арманда?
Сағынышпен, жанға жара, тағы тағдыр салғанда,
Түңілместен, үміт құрып, неге жатам ақ таңда?
Таба алмадым, іздесемде, мен өзіңдей адамды,
Бұл тағдырдың тәлкегі ме, ұмыттырмас қылғаны?
Кетпей қойдың, мазалайсың, күндіз-түні ойымды,
Махаббат па, сағыныш па, қалай өзі болғаны?
Сенен өмір, қалғаным ба, жауабымды бір таппай?
Дауылыңнан, ызғарыңнан, жаным мынау тоңғандай.
Аттас болған, түнгі айым, бәрін біліп тұрғандай,
Ақ нұрымен, бір серпілтіп, көп мұңымды басқандай.
