Мазмұнға өту

Жаңа

Конституцияға өзгеріс, қажет па, әлде жоқ па?!

Өзгеріс десе шошып кететініміз бар, қайтейік енді, бізге бірқалыпты өмір ұнайды. Бірақ осы өзгерістің нендей пайдасы бар деп зерделеп ойымды бір шолып өттім. Негізі көбіне қандай мәселені шешу де ұзақ бір цикл ғой. Шешім қабылдау үшін әуелі Үкіметте, содан соң Парламентте, жатады, содан кейін барып Президент ақтық шешімді қабылдайды. Бірақ қазір заман басқа адам басқа, ғылым мен техника дамып жатыр, технология мен өндірістің өзі автоматтандырылуда. Ал қазіргі кезде шешімі табылу керек мәселе жетіп артылады. Мүмкін биліктегі мәселелердің де шешу жолын жолын жеңілдету керек шығар, шынымен?! Бұл реформа елдің әлеуметтік-экономикалық жағ­дайын одан әрі жақсартуға сеп болары анық. Соны­мен қатар, ол билік тармақтары арасында тең­герім­­ділікті, мемлекеттік органдар жұмысының ашық­тығын қамтама…

1
0
486

Жоғарғы Сот даулы қызметтік тұрғын үйді әскери бөлім қызметкерінің жесіріне қалдырды

Ұлттық гвардияның әскери бөлімінің бірі әскери сотқа жауапкер С.-ға қатысты қызметтік тұрғын үйді жалға беру келісім шартын бұзылды деп танып, Алматы облысындағы пәтерден басқа тұрғынжай бермей шығару туралы талап арызбен жүгінген. Талап қоюшы өз талаптарын өзі және С.-ның арасында жасақталған тұрғын үйді жалға беру келісім шартының мерзімі өтуімен, сонымен қатар, жауапкердің әскери бөліммен еңбек қатынастарында тұрмағанымен, пәтерде заңсыз негізде тұрып жатқанымен, пәтердің жабық әскери қалашықта орналасқанымен негіздеген. Алматы гарнизонының әскери соты әскери бөлімнің талабын қанағаттандырудан бас тартты. Апелляциялық саты аталған сот шешімін өзгертіп, С.-ны басқа тұрғынжай бермей қызметтік тұрғын үйден шығару жөнінде қаулы қабылдады. Бұнымен келіспеген С. Жоғарғы Сотқа жүгініп, апелля…

0
0
625

Құстар тіліндегі сыр

Жуырда мен театр әлеміне саяхатымды жалғастыра отырып, белгілі жазушы, драмматург Д. Исабековтің «Құстар фестивалі» пьесасын тамашалап қайтқан болатынмын. Премьера қатты ұнады. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Дегенмен де, ойымды қағаз бетіне түсіріп сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Сонымен... Адам тағдырымен ұштасқан «Құстар фестивалі» дегенге, туынды құстар жайында деп ойлап қалған боларсыз? Жо-жоқ, мүлде олай емес! Драмматург мен режиссердің шеберлігі сонда, пьесада құстардың түрлі әрекеттері арқылы адамзат бейнесін аллегориялық жолмен аша түскен. Оқиға желісі бойынша, құстар арасында ұйымдастырылған ән байқауына әтеш, қарға, көкқұтан т.б. қатысып, жүлдеге таласады. Әлбетте, барлығы да оза шауып, мәреге жеткісі келеді. Бірақ, жарыстың аты жарыс. Тек біреуінің бағы жанатын…

0
0
2135

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Қостанай облысында 4 арнайы жоба жүзеге асады

Бұл туралы, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын түсіндіру аясында, бүгін Қостанай қаласында 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша өткен семинар-кеңес барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорға министрі Тамара Дүйсенова хабарлады. Шараға облыстық басқармалар басшылары, аудандар мен қалалар әкімдері, аудандық және қалалық жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының жетекшілері, Қостанай облысындағы өңірлік Кәсіпкерлер палатасының, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалдарының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, екінші деңгейлі банктердің және…

0
0
884

Мәлімдемесі

2017 жылғы 10 ақпанда Алматы қаласындағы «Трибуна.Саяси қалам» тәуелсіз газетінің редакция кеңсесінде, оның редакторы Жанболат Мамайдың, редактордың міндетін атқарушы Инга Иманбайдың және олардың туыстарының, газет бухгалтерінің, компания құрылтайшысының, газет шығарушының, саясаткер Төлеген Жүкеевтің пәтерлерінде тергеу әрекеттері шеңберінде тінту жасалды. Оған себеп: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы БТА банктегі ақшаны жымқыруға қатысы бар-мыс дегенді сылтау етіп іс қозғаған. Дәл сол күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы кінәсіздік презумпциясы ұстанымына, соттың айыптау үкімінің күшіне кіруіне қарамастан Ж.Мамайды шетелде эмиграцияда жүрген саясаткер әрі банкир Мұхтар Әблязовтің «көмекшісі» деп атады. «Ол «Саяси қалам.Трибуна» газеті арқылы заңды түрде қаржылық…

0
0
375

1944 ж. 23 ақпанда Кавказ халықтары депортацияланды..

1944 ж. біздің 60-үйлі ауылымызға да депортациямен бірнеше шешен отбасы келген. Олардың арасында да жақсы-жаманы дегендей әртүрлі мінез иелері бар екенін кейін көзіміз көрді. Жасыратыны жоқ, арып-ашып келіп, тойынған соң ауылдастардың қорасына түсіп, "алғыс" білдіргендері де болды. Сонымен қатар, арасында үлкен жүректі азаматтар да болды.Солардың бірі Әзи деген ғұлама молда екен. Біздің әкеміз ол кезде соғыста. Әзидің отбасын біздің әулет паналатыпты. Біздің ауылда жұма, айт намаздары үзілген емес. Бірақ мешітіміздің имамы да, азаншысы да арнайы діни білімі жоқ қариялар болатын. Біраз уақыттан кейін саптың соңында тұратын Әзидің ғұлама екенін білген соң мешітке имам болуға ұсыныс жасайды. - Жоқ, маған сіздерге имам болуға қоспаған. Біздің мазхабымыз Ханафи емес, Шәпиғи. Жүз жерден білімім…

-1
0
1142

БҚО-да түсіндіру жұмыстары жалғасуда

2017 жылғы 22 ақпан күні ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті.

Шараға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Б.М.Хайруллин қатысып, «Жемқорлықтың алдын-алу жайында» және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібі бойынша ақпараттандырды.

Шара соңында әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

0
0
260

Құқық қорғау органы қызметкерлеріне «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу және құқыққорғау қызметіне іріктеу тәртібі түсіндірілді

«Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің негізгі жолдарын түсіндіру мақсатында 2017 жылдың 22 ақпан күні БҚО ішкі істер департаментінің мемлекеттік және құқыққорғау қызметшілерінің қатысуымен ««Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің және құқыққорғау қызметіне іріктеудің кейбір мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу және құқыққорғау қызметіне іріктеу тәртібі бойынша Департамент басшысының орынбасары М.Нұртазин қатысушыларға «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттаудың негізгі сәттеріне тоқталып, аттестациялау кезеңдері мен деңгейлері туралы және мемлекеттік қызмет саласындағы Заңнама талаптарына сай құқыққорғау қызметіне алғаш түсушілерді ірікте…

0
0
333

Аттестация- кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылдың 01 ақпанынан елімізде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестациясы өткізіліп жатыр. Тестілеуден табысты өткен облысымыздың көптеген мемлекеттік қызметшілері бүгін аттестацияның үшінші кезеңі – әңгімелесуге дайындалуда. Әңгімелесу аттестациялық комиссияның мүшелерімен интервью түрінде өтеді. Аттестациялық комиссияның құрамына мемлекеттік қызметшілермен қатар, мемлекеттік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылады. Аттестацияны өткізуге осындай көзқарас маңызды әрі жауапты шараның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді деп есептеймін. Аттестация кәсіби мемлекеттік…

0
0
417

Астана қалалық сотында еңбек дауларын қарау кезіндегі жаңа Еңбек кодексінің нормаларын қолдану мәселелері талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан кәсіподақтарының федерациясының бастамасымен Астана қалалық сотында «Еңбек дауларын қарау кезінде жаңа редакциядағы Еңбек кодексінің нормаларын қолдану мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Парламент Мәжілісінің, Бас прокуратураның, Республикалық адвокаттар алқасының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер министрліктерінің, сондай-ақ Қазақстанның Кәсіподақ федерациясының, ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Н.Қайыпжан іс-шараны аша отырып, жаңа редакциядағы Еңбек кодексі Ұлт жоспарының 83-қадамын жүзеге асыру шеңберінде қабылданғанын және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек заңнамасы Эк…

0
0
537