ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Құқық қорғау органы қызметкерлеріне «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу және құқыққорғау қызметіне іріктеу тәртібі түсіндірілді

«Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің негізгі жолдарын түсіндіру мақсатында  2017 жылдың 22 ақпан  күні БҚО ішкі істер департаментінің мемлекеттік және құқыққорғау қызметшілерінің қатысуымен  ««Б» корпусы әкімшілік  мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің  және құқыққорғау қызметіне іріктеудің кейбір мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу және құқыққорғау қызметіне іріктеу тәртібі бойынша Департамент басшысының орынбасары М.Нұртазин  қатысушыларға  «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін  кешенді аттестаттаудың негізгі сәттеріне тоқталып, аттестациялау кезеңдері мен деңгейлері туралы  және  мемлекеттік қызмет саласындағы Заңнама талаптарына сай  құқыққорғау қызметіне алғаш түсушілерді іріктеу ерекшелігін нақты түсіндірді.

Семинар барысында қатысушылардың алдағы аттестациялау туралы қойған сұрақтарына түсіндірме берілді.