Мазмұнға өту
erganataldanov

erganataldanov

Сайтта 2016 ж. 3 тамыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

33

пікірлер

2

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Ал, масқара! Қырғызстан жіберетін суға Қазақстан ғана емес, өзеннің сағасындағы Өзбекстан да тәуелді

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың суды тоқтату жөніндегі сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Атамбаев соңғы баспасөз мәслихатында «Қазақстанға су жіберуді екі күнге тоқтатса жеткілікті – бірден шекарадан өткізе бастайды», - деп мәлімдеген еді. «Біріншіден, бұл шешімді Қырғызстан ғана қабылдай алмайды, өйткені трансшекаралық өзендерді пайдалану бойынша халықаралық құқық бар. Қырғызстан бұл ережелерді бұзбауы тиіс. Екіншіден, біз жыл сайын өзіміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін вегетация кезінде қажетті су қорымен қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шараларды қолға алып отырмыз», - деді Мырзахметов БАҚ өкілдеріне. Оның айтуынша, Қазақстан ғана емес, өзеннің сағасындағы Өзбекстан да белгілі бір…

0
0
663

Адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді дейді, Назарбаев.

Елбасы ауру-сырқаудың алдын алу шараларының маңыздылығын атап өтіп, салауатты ұлт қалыптастыру ісінде халықтың ерекше рөл атқаратынын айтты. "Азаматтарымызды өздерінің денсаулықтарын нығайтуға тартуымыз қажет. Адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді. Қалғанының бәрі тек өзіне байланысты болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мәселесіне тоқталып, қазақстандықтардың өмір сүруінің орташа ұзақтығын 80 жасқа дейін көтеру жөніндегі міндеттің өзектілігіне назар аударды. Денсаулық сақтау министрі Қазақстан Президентіне тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің жақсарып келе жатқанын мәлімдеді. "Барлық көрсеткіш бойынша ахуал тұрақты. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы көтерілуде. Ана өлімінің көрсеткіші төмендеп к…

1
0
450

Әп, бәрекелді! Құрық портынан Бакуге 1 000 000 (миллион) тонна жүк өткізілді

Бүгін Маңғыстау облысындағы Құрық портынан Баку портына алғашқы 1 000 000 (миллион) тонна жүк өткізудің салтанатты шарасы өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. Шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы, Әзірбайжан кеме қатынасы компаниясының өкілі және Құрық портының еңбеккерлері мен мыңнан аса белсенді жас қатысты. Жиында сөз алған Ералы Тоғжанов: «Былтырғы жылы Индустрияландыру бағдарламасы аясында Елбасымыз өзі іске қосқан айлақтан өткізілетін жүктің көлемі бүгін миллион тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары екі есеге өсетін болады. Жыл сайын жүк ағынының артуына байланысты Каспий өңірі айлағының әлеуетін қарқынды түрде дамытуда. Бүгінгі порт – кешегі Жібек жолының стратегиялық жалғасы. Қазақ…

0
0
419

Араб, латын және кирилл қаріптеріне қалай өттік? Қазақ әліпбиінің тарихы

Қазақ тілі латын әліпбиіне көше ме, жоқ па? Біраз уақыт бұрын ғана бұл мәселе БАҚ беттерінде көтеріліп, қоғамда қызу талқыға түсіп, табан асты көтеріліп, сол бойда ұмытылып отырды. Шаяхметов атындағы республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы бірнеше нұсқа ұсынғаннан кейін қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесінің қиындықтары басқа арнаға ауысып, қазақ тілінің орфографиясына тұйықталды. Ал қоғамды алаңдатқан басты мәселе қазақ тіліне ғана тән тоғыз (жаңа әліпби бойынша сегіз) әріптің "тағдыры" еді. 20 ғасыр басында қазақ тілі араб графикасынан латын әліпбиіне ауысқан кезде мұндайды бастан бір өткерген болатынбыз. Латын әліпбиіне көшу сол заманда қалай жүргізілгені мен қазір қалай өтіп жатқаны туралы таратып баяндайық. Бұл тарихи кзезеңдерді қысқаша "араб - латын - кирилл" деп белгі…

0
0
1225

Шұғыл! Қазақстанның қауіпсіздік кеңесіндегі тағайындау

Кеше барлық БАҚ Ақордаға сілтеме жасап, Бақыт Құрманбаевтың Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалғанын жарыса жазды.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Бақыт Жанұзақұлы Құрманбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада

Бұған дейінгі ақпараттарға қарағанда, Бақыт Құрманбаев ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық саясат департаментінің басшысы қызметінде болған.

0
0
336

Сыр өңірінде Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің базасында Microsoft академиясын ашылады

Қызылорда облысында Microsoft академиясы мен инновациялық-инжинирингтік орталық ашылады. Бұл туралы өңір басшысы Қырымбек Көшербаев ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Өткен жылдың сәуір айында Қызылорда өңірі республика облыстарының ішінде алғашқы болып Microsoft компаниясымен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Ал шілде айынан бастап жоғары білікті мамандар онлайн режимде білімін шыңдауға кірісті. Сонымен қатар, біріккен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында Microsoft академиясын ашу туралы уағдаластық», — деді әкім. Көшербаев өңірдің ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған тағы бір жобаға тоқталды. «Мәскеудің болат және қорытпа институтымен Қызылордада инно…

0
0
314

Ерлан Қариннің Атамбаевқа қатысты айтары бар

Саясаттанушы Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың сөздеріне байланысты өзінің пікірін фейсбуктегі парақшасы арқылы білдірді,— деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. «Қырғыз президентінің бүгінгі мәлімдемесі Қазақстан және оның басшылары атына күйе жағу әрекеттерін жалғастырды. Өкінішке орай, атқа кір келтіру әрекеттері күшейіп келеді. Соңғы күндері айтылған сындар ұйымдастыру сипатына ие болып, оған зиялы қауым өкілдері қосылды», — деп жазады Ерлан Қарин. «Алайда қазақстандық ақпарат алаңда мұндай арандатушылық немесе тапсырыспен жазылған ақпараттарға жауап болған жоқ. Бұл дұрыс та, өйткені қандай да бір арандатушылықтарға бару жақсылыққа апармасы анық. Біздің елде мемлекетаралық қарым-қатынас бір сәттік ғана саяси міндеттерден әрқашан жоғары қойылып кел…

0
0
346

Ас атқанға тас атқан Атамбаев!

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік сыйлықты тапсыру рәсімінде Қырғызстанға "қазақстандық билік таңып отырған" жетекшілер жайлы пікір айтқан. Бұған қатысты ҚР СІМ мәлімдеме жасады. Qamshy.kz ақпарат агенттігі де ҚР Президенті Алмазбек Атамбаевтың сөзіне қатысты өз наразылығын білдіреді. «Қырғыз қазақ бір туған» деген сөз бар. Қазақстан мен Қырғызстан ежелден бауырлас әрі көршілес ел. Көршісіне қамқор болып үйренген қазақ халқы Қырғызстанға талай көмек көрсетті. «Оң қолың бергенді, сол қолың білмесін» деген де сөз бар. Алайда бұл тұста үнсіз қалу мүмкін емес. Себебі ас бергенге таспен ату адамшылыққа жат. Осыдан бір жыл бұрын-ақ Қазақстан Қырғызстанға техникалық көмек ретінде 100 млн. доллар берді. Бұл қаржы бақылау-өткізу бекеттеріндегі жағдайды жақсарту және ЕАЭО талаптар…

0
0
503

«12-қазанда ақырзаман болады деген рас па?». Ғалымдар шындықты айтты

Жер астероидтар шеңберіне кірді. Біреуі Жерге соқтығыспай өте шықты. Ендігі қауіптісі 12-қазанда жақындайды. Бұл туралы NASA және ЕҒА-ға сілтеме жасап, шетелдік БАҚ-тар шуласа жазып жатыр. Ғалымдар «2012 TC4» астероиды біздің ғаламшар үшін аса қауіпті екенін айтады. Алдын ала есептеулерге қарағанда, 12 қазан күні аталған аспан денесі Жерден 43 мың километр қашықтықтан өтеді. Бұл Айға дейінгі қашықтықтың сегізден бір бөлігі деген сөз. Бұдан тыс, Жердің астероидтар шеңберінде қозғалу барысында ұсақ аспан денелерінің бірі атмосфераға құлау ықтималы жоғарылайды. Ғалымдардың айтуынша, астероид Жермен соқтығысса түрлі табиғи апатты туғызады. Жер сілкінісінен бастап вулкандардың атқылауына дейін. Ал Жерге жақындап қалған астероидты алатын болсақ, оның Жер шарын жарып жіберуге қауқары шамалы екен…

1
1
560

Назарбаев Сыр өңірінде

Қазақстан Президенті Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында әйгілі ойшыл, ұлы қобызшы Қорқыт Атаға арналған сәулет кешенін аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына мемориалды кешенде жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндалды. Мұнда салтанатты іс-шаралар өткізетін алаң жасалып, орталық аллеяда жаяу жүргіншілерге арналған қосымша жол салынған, сондай-ақ монумент маңы абаттандырылған.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әкімшілік ғимаратты және «Қасиетті арқар» атты мүсінді көрді.

Бұдан бөлек, Елбасы кешендегі музейде Қорқыт Атаның өмірі мен мұрасына арналған сирек экспонаттармен танысты.

 

"ҰЛТ" хабарлайды

0
0
263