Мазмұнға өту

Жаңа

Конституциялық реформа — бес институционалдық реформаның іске асырылуы

Көбі конституциялық реформаға қатысты бірінші рет естігендей кейіп танытуда. Ол адамдар сонда Бес институционладық реформа оқымаған ба?! Реформаның асырылуы Үкіметке экономика саласында бірақатар құзыреттіліктер қосады. Ал Президенттің құзыретінде қорғаныс қауіпсізідгі, сыртқы саясат, мемлекеттік басқару, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы жұмыс тиімдігін бөлу және қамтамасыз ету қалады. Бүкілхалықтың ұсынысы арқылы қабылдауды тапсырған еді елбасы. Сол үшін ашық талқылау ұйымдастырылған телекөпір нағыз ашық диалог алаңына айналды. Саясаткерлер өз ойларын бүкпесіз айтты. Шешім қандай болар екен? P.S. Бүгін талқылаудың соңғы күні ғой Реализация одной из пяти институциональных реформ, предложенных мной, предполагает наделение Правительства дополнительными исполнительными полномочиями в…

0
0
653

Бір өзіңді, бұл әлемде ұнатқам «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз» Бейнематериал авторы – Студия сентябрь Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте - Бір өзіңді, бұл әлемде ұнатқам, Баурап алдың, тек өзіңе ғашық қып. Көзіңменен шіркін-ай, бір өзіңе қаратқан, Сен бір жансың, әлі саған асықпын. Үнсіз сезім тіліне, сен үйреткен, Махаббаттың мұң сырын, оқушы едім көзіңнен. Сұлулығын, бар әлемнің, өзің едің сездірген, Жоқ еді ғой шіркін-ай, ешбір артық өзіңнен. Бұл жүрекке, келмесе екен күз деймін, Мәңгі күрес, сонда да, жазға орын. Боранына тағдырдың, мен көнбеймін, Шүкір етем, таныттың сен, оң – соңын. Пәктік болсын, сүйгендердің тілегі, Періште ғой, шын сүйгеннің жүрегі. Мәңгі бірге, бірге болсын серігі, Осы емес пе, адамзатқа керегі. https://www.you…

1
2
973

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік

2017 жылдың 24 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік» тақырыбында аумақтық бөлімшелермен бейнебайланыс арқылы семинар-кеңес өткізілді. Батыс Қазақстан облысында семинар-кеңес жұмысына Департамент, облыстық басқармалар басшылары, діни ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және арнайы мониторингілік топтың өкілдері қатысты. Семинар-кеңесте рухани және адамгершілік қасиеттер шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, діни және үкіметтік емес ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыстарын кеңейту мәселелері талқыланды. Шара барысында республика бойын…

0
0
477

Қызылордада Ішкі істер департаментінің жеке құрамы үшін гарнизондық жиын өтті

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық тәртіп пен халықтың қауіпсіздігін сақтауын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылғы 24 ақпан күні Жергілікті полиция қызметі ғимаратының алаңында полицияның кешенді күш-құралдарының, жеке құрамының және Ұлттық Ұланның қатысуымен гарнизондық жиын өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараның басты мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің саптық жарғы ережелерін меңгеруін, саптық дағдының дәрежесін анықтап, ішкі істер органдары қызметкерлерінің түр-тұлғасын, киім-киісін, қызмет атқаруы үшін қажетті қару-жарағының, қызметтік куәліктерінің ереже талаптарына сай болуын тексеру болып табылады. Іс-шараға Ішкі істер департаментінің барлық басқарма басшылары, қызметкерлері қатысты. Гарнизондық жиын барысында жеке құрамды бұйрықтармен таныстырып, қы…

0
0
1040

Жоғарғы Сотта «Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жіберу» тақырыбындағы «дөңгелек үстелдің» отырысы өтті

Іс-шараға Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми кеңестің мүшесі, Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы – Р.Юрченко, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Әділет министрлігінің, Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің өкілдері қатысты. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Нұржан Қайыпжан іс-шараны аша отырып, «дөңгелек үстел» тақырыбының төмендегі өзекті мәселелерін және көші-қон заңнамасын жетілдіру мен оны дұрыс қолдану жолымен заманауи әлемде терроризмнің қаупіне қарсы тұру қажеттілігін атап өтті. Бұл шаралар еліміздің инвестициялық және туристік тартымдылығын көтереді. Жоғарғы Сотпен шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қаз…

0
0
404

Т.Дүйсенова Қостанай облысының ардагерлері мен мүгедектеріне зейнетақы мен жәрдемақының қалай өсетіндігін түсіндірді

Бүгін Қостанайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ардагерлер, мүгедектер, жастар және ҮЕҰ өкілдерімен өткен кездесуде зейнетақы мен жәрдемақының қалай өсетіндігін түсіндірді. Іс-шараға облыс, қала және аудан әкімдерінің кеңесшілері, облыстық басқармалардың, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаментінің, аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, мүгедектер қоғамдарының және жастар ұйымдарының басшылары қатысты. Тамара Дүйсенова қарт адамдарға қамқорлық жасау мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдығы екенін атап өтті. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында Мемлекет Басшысы 20…

0
0
228

Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері шаңғы жарысына қатысты

Астанының Орталық саябағында Жоғарғы Сот судьялары мен еліміздің жоғары сот органының қызметкерлері арасында шаңғы жарысы өтті. Бұл жарысты республикадағы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің Жоғарғы Соттағы филиалы ұйымдастырды. Іс-шараның ашылу рәсіміне Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми қатысты. Сайыс қатысушыларына қарата айтқан сөзінде Қ.Мәми: «Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері шаңғы жарысын өткізу туралы ұсыныс білдірді. Бұл – көңілге қуаныш сыйлайтын өте жақсы бастама. Ең басты мақсат – саламатты өмір салтын қалыптастыру мен корпоративтік мәдениетті нығайту», - деді. Жоғарғы Сот Төрағасы бұл жарыс «бастысы – жеңіс емес, қатысу» деген қағидат шеңберінде өткізілетінін атап өтті. Болашақта шаңғы жарысы жыл сайын өткізілетін дәстүрлі сайысқа айналатындығына сенім білдірілді.…

0
0
783

Астана қалалық сотында еңбек дауларын қарау кезіндегі жаңа Еңбек кодексінің нормаларын қолдану мәселелері талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан кәсіподақтарының федерациясының бастамасымен Астана қалалық сотында «Еңбек дауларын қарау кезінде жаңа редакциядағы Еңбек кодексінің нормаларын қолдану мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Парламент Мәжілісінің, Бас прокуратураның, Республикалық адвокаттар алқасының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер министрліктерінің, сондай-ақ Қазақстанның Кәсіподақ федерациясының, ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Н.Қайыпжан іс-шараны аша отырып, жаңа редакциядағы Еңбек кодексі Ұлт жоспарының 83-қадамын жүзеге асыру шеңберінде қабылданғанын және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек заңнамасы Эк…

0
0
548

Астанада «Қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде — медиация институтының рөлі» тақырыбында диспут- форум өтті

Астанада Қазақстан Халқы Ассамблеясы Медиация Кеңесінің бастамасымен «Қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде - медиация институтының рөлі» тақырыбында диспут-форум өтті. Форумға Қазақстан Республикасы Перзидент Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясының Хатшылығының меңгерушісі-төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация Кеңесінің төрағасы Б.Әбдірайым, заң ғылымдарының докторы, профессоры үйлестіруші кеңесінің төрағасы, Ресей Федерациясының профессоры, медиаторлар халықаралық ұйымының Президенті Ц.Шамликашвали, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының төрағасы, Қарағанды облыстық сотының төрағасы М.Әлімбеков, кәсіби медиаторлар, облыстық және аудандық соттардың судьялары, ҮЕҰ-дың өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Жоғарғы…

0
0
603