Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аттестация- кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылдың 01 ақпанынан елімізде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестациясы өткізіліп жатыр.

Тестілеуден табысты өткен облысымыздың көптеген мемлекеттік қызметшілері бүгін аттестацияның үшінші кезеңі – әңгімелесуге дайындалуда.

Әңгімелесу аттестациялық комиссияның мүшелерімен интервью түрінде өтеді.    Аттестациялық комиссияның құрамына мемлекеттік қызметшілермен қатар, мемлекеттік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылады.

Аттестацияны өткізуге осындай көзқарас маңызды әрі жауапты шараның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді деп есептеймін.

Аттестация кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша мемлекеттік қызметті реформалаудың жалғасы болып табылады және Елбасы белгілеген міндеттердің тиімді іске асырылуына жағдай жасайды.

     
0
0
375

Осы тақырып бойынша

Аттестация- кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру - Yvision.kz