ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

БҚО-да түсіндіру жұмыстары жалғасуда

2017 жылғы 22 ақпан күні ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті.

Шараға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Б.М.Хайруллин қатысып, «Жемқорлықтың алдын-алу жайында» және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібі бойынша ақпараттандырды.

Шара соңында әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.