Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Конституцияға өзгеріс, қажет па, әлде жоқ па?!

Өзгеріс десе шошып кететініміз бар, қайтейік енді, бізге бірқалыпты өмір ұнайды. Бірақ осы өзгерістің нендей пайдасы бар деп зерделеп ойымды бір шолып өттім. Негізі көбіне қандай мәселені шешу де ұзақ бір цикл ғой. Шешім қабылдау үшін әуелі Үкіметте, содан соң Парламентте, жатады, содан кейін барып Президент ақтық шешімді қабылдайды. Бірақ қазір заман басқа адам басқа, ғылым мен техника дамып жатыр, технология мен өндірістің өзі автоматтандырылуда. Ал қазіргі кезде шешімі табылу керек мәселе жетіп артылады. Мүмкін биліктегі мәселелердің де шешу жолын жолын жеңілдету керек шығар, шынымен?! Бұл реформа елдің әлеуметтік-экономикалық жағ­дайын одан әрі жақсартуға сеп болары анық. Соны­мен қатар, ол билік тармақтары арасында тең­герім­­ділікті, мемлекеттік органдар жұмысының ашық­тығын қамтамасыз етуге, бақылау тетігін күшей­туге бағытталған. Жалпы, президенттік билік әлсіре­мей­ді. Президенттің енді, керісінше, стратегиялық мәсе­ле­лерге көбірек мән беруіне мүмкіндігі болады, яғни қауіп­сіз­дік саласына, сыртқы саясатқа басымдық береді. Шегірткеден қорыққан егін екпес демекші, қазіргі бәсекелестік заманда өзгерістен қорықпағанымыз дұрыс, түйгенім

 
1
0
436

Осы тақырып бойынша

Конституцияға өзгеріс, қажет па, әлде жоқ па?! - Yvision.kz