Мазмұнға өту

Жаңа

2016 жылы Қызылорда облысының 40 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

2016 жылы Қызылорда облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (24,2 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (15,9 мың адам) қатарындағы 40 мың 67 адам қамтылды. Оның ішінде: - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 10 мың 530 адам жұмысқа орналасты; - әлеуметтік жұмыс орындарына 961 адам; - жастар тәжірибесіне 1 мың 240 адам; - қоғамдық жұмыстарға - 7 мың 52 адам ; - кәсіптік оқытуға 641 адам жіберілсе, оның ішінде 132 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды; - 13 мың 945 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа орналасты; - өздігімен 4 мың 898 адам жұмысқа орналасты. Бұдан басқа, 800 адам жеке іс…

0
0
336

БҚО-да «Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйелері» кітабының тұсаукесері болады

2017 жылдың 1 наурызда (сәрсенбі) сағат 15:00-де Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ғылыми кеңестің ұсынысымен баспаға берілген «Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйелері» атты кітаптың тұсаукесері өткізіледі. Оқу құралының авторы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары, социология ғылымдарының кандидаты Нұртазин Мирболат Сүйеуұлы. Оқу құралы Алматы қаласында «Бастау» баспасында басылып шығарылды. Өткізілетін орны: М.Маметова көшесі, 81, (КазИИТУ ғимараты, А1 корпус, 2-қабат, 209 аудитория) Анықтама үшін ба…

0
0
661

БҚО-да тікелей эфирде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда жаңа технологиялардың рөлі жөнінде талқыланды

2017 жылдың 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «ТДК-42» телеарнасында «Айтарым бар» ток-шоуы тікелей эфирде өткізілді.

Ток-шоуда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда жаңа технологиялардың рөлі жөнінде талқыланды.

Бағдарламада Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, прокуратура, ішкі істер органдарының және БАҚ өкілдері қатысты.

0
0
268

Жолдау Сандықтау ауданында түсіндірілді

А.ж. 24 ақпанда Департамент басшысы Б. Беспалинов ақпараттық-насихаттық жұмыс аясында Сандықтау ауданында бірқатар көшпелі кездесулер өткізді. Іс-шара аясында Б. Беспалинов мемлекеттік қызметшілермен, Балкашино ауылындағы аудандық орта мектептің педагогикалық ұжымымен, Лесное ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында азаматтардың қабылдауын жүргізді. Б. Беспалинов өз сөзінде Елбасы Жолдауда адами капиталдың өмір сүру сапасын жақсартудың басымдықтары, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған шараларды қабылдау қажеттілігі туралы баяндағанын атап өтті. Іс-шараға аудандық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Іс-шараларға 155 адам қатыс…

0
0
268

Ұн мен мастиканың әміршілері

Колледждерде заманауи құрал-жабдықтардың болуы студенттердің таңдаған мамандығын тереңдеп игеруіне жол ашып қана қоймай, олардың болашаққа деген сенімділігін де арттырады. Жұмыс беруші жас маманнан көрмеген-білмеген нәрсесін талап етсе, әлбетте, қиын. Сондықтан, теориялық білімнің тәжірибемен қатар жүруі аса маңызды. Бүгінгі кейіпкеріміз – Зарипова Гүлжанат Әнуарқызы. Алматы экономика колледжінің өндірістік білім беру шебері. Ол студенттерге «Нан-тоқаш, макарон және кондитер өндірісінің технологиясы» деген мамандықтан сабақ береді. Гүлді қатты жақсы көретіндіктен, бос уақытын қызының гүл сататын салонында өсімдіктерге күтім жасаумен өткізеді. Гүлжанат Әнуарқызының колледжде жұмыс істеп жатқанына 40 жыл. Кезінде өзі де осы оқу орнын «Дәнді дақылдар технологы» мамандығы бойынша бітірген, бі…

0
0
3482

Астанада азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша заңнамалар түзетулері талқыланды

Бүгін ҚР ЕХӘҚ-да Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша жария тыңдаулар өткізілді. Іс-шараға ҚР Паламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҚР Ұлттық банкінің, «Атамекен» ҚР ҰКП, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, Қоғамдық кеңестің, ҮЕҰ, Экономикалық зерттеу институтының, Заң шығару институтының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Мемлекеттік аннуитеттік компанияның, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, ҚазМЗУ өкілдері және басқалары қатысты. Жария тыңдауларда сөз сөйлегенде, Қ…

0
0
469

БҚО-да азаматтарды тіркеу мәселелері бойынша көші-қон полициясы органдарының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді

2017 жылдың 24 ақпанда Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Б.Ибрашевтің төрағалығымен бейнебайланыс арқылы «Азаматтарды тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес жұмысына облыстық және аудандық деңгейлердегі көші-қон полициясының қызметкерлері және «Азаматтарға арналған үкіметі» Мемлекеттік корпорациясының ХҚКО департаментінің қызметшілері қатысты.

Кеңесте мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мақсатында халықты тіркеуді сүйемелдейтін ақпараттық жүйелерін бірегейлендіру бойынша проблемалық мәселелері қаралды.

0
0
487

Заманның дамуына қарай қазір “блог” жазу сәнге айналды

Заманның дамуына қарай қазір “блог” жазу сәнге айналды десе де болады. Әр бір блогтұғырды қолданып және ол жерде өз ойын бөлісіп жүрген әр бір қолданушы өзін “блоггермін” деп атауға толық құқылы. Сонымен, қазіргі күндегі өзіміз оқып жүрген блогтұғырлардағы тақырыптарды сараптап көрсек. Ең көп қозғалатын және жалықтырмас тақырыптар: 1. Махаббат мәңгілік тақырып, қанша жүрек болса, сонша сезім түрі бар. (бір адам көп жазса жалықтырып жіберуіде мүмкін, сондықтан да түрлендіріп өзгертіп анда-санда жазу керек) 2. Қарым-қатынас (үлкендер әңгімесі, барлық адамдарға тән нәрселер) 3. Жыл мезгілі. (Әр мезгілге байланысты өзіміздің әсеріміз, әдемілігі, суреттері) 4. Сән (мода, мейлі ол шаш үлгісі, киім, тіпті жәй жаңалық болсын) 5. Демалыс орындары (қайда? қашан? қанша кетті? деген үш сұраққа жауап…

0
0
648

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру мәселелері жөнінде

А.ж. 24 ақпан күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік бақылау қағидаларының нормаларын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді. Іс-шара барысында орталық мемлекеттік органдарының және жергілікті атқарушы органдарымен 2016 жылы бойынша мемлекеттік қызмет сапасына бақылау жүргізудің қорытындалары туралы ақпаратымен мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Д.Жүсіпова таныстырды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік бақылау қағидаларымен мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Ә. Мұхамеджанов таныстырып өтті. Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ұсыну тәрті…

0
0
599

Қызық бір сәйкестік!

Ұлы реформаның ішінде жұрттың көбінің алаңдаушылығын тудырған 26-шы бап 26-шы ақпан күні қорытындыланады екен. Осы 26-бап туралы үн қатқан азаматтардың бәріне ризамын. Дәл осылай елге жанашырлықпен қарауымыз керек. Бірақ кейбір арам ойлы арандатушылардың пікіріне еріп кету ешкімге де жақсылық әкелмейді. Не де болса Елбасы жақын күндері реформаға қатысты соңғы шешімін айтады. Бастысы реформаға қатысты елдің пікірін елеусіз қалдырмай, 1 айға жуық уақыт беруі азаматтығы дер едім. Мемлекет ортақ мүддеміз. Оның әр заңына, әр бабына, әр тармағына бей-жәй қарай алмайтынымызды көрсеттік. Президент оған қуанбаса, ренжіесі анық. Білгір заңгерлерде баптың мағынасын түсіндіріп берді. Бір білгеніміз бапта жерге қатысты ештеңе жоқ екен. Яғни қазақтың кең даласына ешкімнің үлесі жоқ, оны ешкім сатып ала…

1
0
413