Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру мәселелері жөнінде

А.ж. 24 ақпан күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік бақылау қағидаларының нормаларын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шара барысында орталық мемлекеттік органдарының және жергілікті атқарушы органдарымен 2016 жылы бойынша мемлекеттік қызмет сапасына бақылау жүргізудің қорытындалары туралы ақпаратымен мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Д.Жүсіпова таныстырды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік бақылау қағидаларымен мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы      Ә. Мұхамеджанов таныстырып өтті.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ұсыну тәртібі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Департамент госслужбы

0
0
563

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру мәселелері жөнінде - Yvision.kz