ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

БҚО-да «Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйелері» кітабының тұсаукесері болады

2017 жылдың 1 наурызда (сәрсенбі) сағат 15:00-де Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ғылыми кеңестің ұсынысымен баспаға берілген  «Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйелері» атты кітаптың тұсаукесері өткізіледі.

Оқу құралының авторы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары, социология ғылымдарының кандидаты Нұртазин Мирболат Сүйеуұлы. Оқу құралы Алматы қаласында «Бастау» баспасында басылып шығарылды.

Өткізілетін орны: М.Маметова көшесі, 81,

(КазИИТУ ғимараты, А1 корпус, 2-қабат, 209 аудитория)

Анықтама үшін байланыс: 51-01-94, 87779776383