ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Жолдау Сандықтау ауданында түсіндірілді

А.ж. 24 ақпанда Департамент басшысы Б. Беспалинов  ақпараттық-насихаттық жұмыс аясында Сандықтау ауданында бірқатар көшпелі кездесулер өткізді.

Іс-шара аясында Б. Беспалинов мемлекеттік қызметшілермен, Балкашино ауылындағы аудандық орта мектептің педагогикалық ұжымымен, Лесное ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында азаматтардың қабылдауын жүргізді.

Б. Беспалинов өз сөзінде Елбасы Жолдауда адами капиталдың өмір сүру сапасын жақсартудың басымдықтары, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған  шараларды қабылдау қажеттілігі туралы баяндағанын атап өтті.

Іс-шараға аудандық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың  басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараларға 155 адам қатысты.Департамент госслужбы