ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

БҚО-да азаматтарды тіркеу мәселелері бойынша көші-қон полициясы органдарының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді

2017 жылдың 24 ақпанда Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Б.Ибрашевтің төрағалығымен бейнебайланыс арқылы «Азаматтарды тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес жұмысына облыстық және аудандық деңгейлердегі көші-қон полициясының қызметкерлері және «Азаматтарға арналған үкіметі» Мемлекеттік корпорациясының ХҚКО департаментінің қызметшілері қатысты.

Кеңесте мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мақсатында халықты тіркеуді сүйемелдейтін ақпараттық жүйелерін бірегейлендіру бойынша проблемалық мәселелері қаралды.