Қызық бір сәйкестік!
Ұлы реформаның ішінде жұрттың көбінің алаңдаушылығын тудырған 26-шы бап 26-шы ақпан күні қорытындыланады екен. Осы 26-бап туралы үн қатқан азаматтардың бәріне ризамын. Дәл осылай елге жанашырлықпен қарауымыз керек. Бірақ кейбір арам ойлы арандатушылардың пікіріне еріп кету ешкімге де жақсылық әкелмейді. Не де болса Елбасы жақын күндері реформаға қатысты соңғы шешімін айтады. Бастысы реформаға қатысты елдің пікірін елеусіз қалдырмай, 1 айға жуық уақыт беруі азаматтығы дер едім. Мемлекет ортақ мүддеміз. Оның әр заңына, әр бабына, әр тармағына бей-жәй қарай алмайтынымызды көрсеттік. Президент оған қуанбаса, ренжіесі анық. Білгір заңгерлерде баптың мағынасын түсіндіріп берді. Бір білгеніміз бапта жерге қатысты ештеңе жоқ екен. Яғни қазақтың кең даласына ешкімнің үлесі жоқ, оны ешкім сатып ала алмайды!
