Мазмұнға өту

Жаңа

2016 жылы Қостанай облысының 23 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

2016 жылы Қостанай облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (19,4 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (3,7 мың адам) қатарындағы 23,1мың адам қамтылды. Оның ішінде: - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 2 мың 909 адам жұмысқа орналасты; - әлеуметтік жұмыс орындарына 1 мың 571 адам; - жастар тәжірибесіне 692 адам; - қоғамдық жұмыстарға - 3 мың 999 адам ; - кәсіптік оқытуға 676 адам жіберілсе, оның ішінде 150 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды; - 12 мың 472 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа орналасты; - өздігімен 188 адам жұмысқа орналасты. Бұдан басқа, 577 адам жеке ісін ашу нем…

0
0
259

«Айдаһарлардың әміршісі» мультфильмін қазақ тілінде көре аласыздар!

Бүгін Қазақстан прокатына "Айдаһарлардың әміршісі" атты туынды қазақ және орыс тілдерінде шығады. Украинаның туындысы осыған дейін Польша және Түркия көрермендерінің назарына ұсынылған, 200 мыңнан аса адам көріп үлгерген. Жоба жалпы 40 шақты елдің нарығына шығуды көздейді. Солардың ішінде Вьетнам, Эстония, Латвия, Литва, Мажарстан, Ресей және Қазақстан секілді мемлекеттер бар. Қазақша дыбыстауға еліміздің театр, кино жұлдыздары мен медиа тұлғалары шақыртылды. Басты кейіпкер "Голос казахстана" жобасының жеңімпазы Дінмұхамед Дәулетовтың дауысымен сөйлейді. Фильмге бірнеше саундтрек те жазылған, олар әр көрерменнің көңілінен шығады деп ойлаймын! Қазақ тіліндегі нұсқасын Дінмұхамед Дәулетов пен Ева Бехер орындайды. Бұл жоба отбасылық көрсетілімге арналған. Арманға сену, батыл болуға тәрбиелей…

2
0
1673

Құлдықтағы өмір

«Еуразия» бірінші арнасындағы «Кешкілік кездесу» бағдарламасының алдағы шығарылымы осы тақырыпқа арналады. Қандастарымыз кейде аңғалдықтарынан, кейде жігерсіздіктерінен арам пиғылды адамдардың қолжаулығы болып кете барады. Бағдарламаның бұл шығарылымында тағдыр тәлкегімен жылдар бойы құлдықта болған азаматтар жайлы айтылады. Мәскеуде бірнеше ай құлдықта болған Ертай Ережепов студияда бас прокуратура өкіліне арызын тапсырады. Ал студияның тағы бір қонағы өзінің інісінің құлдықта екенін анықтайды. Ақыл-есі кем баланы әлдебіреулер құлдықта ұстап отырғаны белгілі болады. Тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген азаматша бауырын әлі іздеп жүр. Ақтөбелік тағы бір азамат құлдықта жүрген жетім баланы құтқарып қалған. «Кешкі кездесу» бағдарламасының аталмыш шығарылымын «Еуразия» бірінші арнасының эфи…

0
0
551

Жалындап өткен жиырма бес

Не бары 25 жасында өшпес ерлік көрсетіп, бейбіт өмірде өз өмірін қиып, ел азаматын қорғап қалған елінің каhарманы, II дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, бауырым, полиция лейтенанты Қозыбаев Талғат Есентайұлы туралы бір үзік сыр Ерлік, батырлық, каhармандық – бұл бір-біріне жақын егіз ұғымдар. Жалпы ерлік көрсету көкірегінде намысы бар әрбір адамға, азаматқа тән және оның жасына, қызметіне, жынысына қарамайды. Ол әрбір адамның қолынан келе бермейді. Қазақтың мыңдаған жылғы тарихын сараласақ, біздің ата-бабаларымыздың қазақ даласына жан-жақтан анталаған жаудан қасиетті жерді, елді қорғаудағы жасаған ерліктерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қазір шүкір, әуелі Алла тағаланың, сосын Елбасымыз Н.Назарбаевтың салиқалы саясаты және қазақ халқының бейбітсүйгіштігі, қанына біткен қонақжайлығы, сең қо…

0
0
1689

Отбасыдағы диалог

Отбасымыздағы береке-бірлікті сақтаудың ең нәтижелі жолы - диалог! Әйел адамның бойындағы - ашуланып үндемей қалу, бір нәрсені қалап үндемей қалу, қиналып үндемей қалулардың барлығы негізсіз. Бірақ, ойланып бақсаңыздар, сіздер айтпасаңыздар, сезімдеріңізді білдірмесеңіздер ер адамдар қалай білмек?! Отбасымыздағы бүліктің барлығы осыдан басталады. "Өзі неге ойланбайды?!", "Көрініп тұр ғой, айдай анық!", "Тосын сый болғанын қалар едім..." деп, тұқымын егіп, отбасының бұзылуына жол ашамыз. Міндетті емес олар, көрінбейді де, отбасының қамын ойлап ақша тауып жүргенде қайдағы тосын сый?! Негізі әйел заты өзін ешнәрсеге лайықпын деп ойламайды, ойлаған жағдайда да айтуға ұялады,кейбір жағдайларда, қорқып та жатады. "Үйретсе - істейді" деген өмірдің заңы ғой, сіз айтпасаңыз, әрине, ұрыс-керіссіз,…

0
0
1045

8 наурызды Uber-мен бірге қарсы алыңыздар

Бүгінгі заманауи әйелдің өмірі жұмыс, отбасы, сүйікті іс, саяхат сынды түрлі оқиғалар мен қарбалас тіршілікке толы, бәріне үлгергің-ақ келеді, бірақ уақыт деген тапшы. Және ең қарапайым әрі қажетті саналатын жанға жайлы демалысқа, бір сәт тынығуға әдетте уақыт табыла бермейді. Сондықтан 8 наурызда Uber әйелдер қауымына дәл осы өзіңе ғана арналатын, күйбеңі жоқ уақытты сыйға тартпақ. 8 наурызда Uber8 опциясын пайдалана отырып, сыйлыққа The Face Shop сауда белгісінің күтім жасайтын косметикасына, top.kz ұсынған ас үй жинауға арналған сертификатқа және Dildiny гүлдер салонының гүл шоқтарына ие болыңыз. Uber мерекелік сыйлықтар жинағын тегін жеткізіп береді! Сыйлықты қалай алуға болады? 1. Uber қосымшасын сәрсенбі, 8 наурызда сағат 11.00 мен 15.00 аралығында ашыңыз 2. Экранның төменгі жағында…

0
0
618

8 наурызда cүйіктіңізге не сыйласаңыз болады?

Жайдарлы көктемнің алғашқы мейрамы нәзік жандыларға арналған. Бұл мейрамды ардақты аналарыңыз, әжелеріңіз,әпкелеріңіз асыға күтетінің ұмытпағандарыңыз жөн. Суық, сұрлы қыстың артынан шуақтанып, жүректерді жылытып ,махаббат сезіміне бөлейтін бұл көктем мезгілінде 8 наурыз мейрамы жүректерде ерекше орын алады. Айтпағым, сүйіктіңіздің көңілінен шығатын сыйлықпен қуантқыңыз келсе бұл блогты оқи отырыңыз... Былтырғы жылы 6-шы наурыз күні Айдана есімді құрбым екеуміз сабақтан соң кездесіп пиццерияда отырдық. Сол кезде құрбым екеуіміз келе жатқан мейрам туралы сөйлестік. Ол жігітінен ерекше сыйлық күтетінін айтты. Қыздарға менің ойымша сыйлық алу оңай шығар. Ал жігіттерге қиын болу әбден мүмкін. Сол кезде құрбымның ойын тыңдап отырдым. Иә, менде сондай сыйлықты қалайтын едім. Қыздың көзі әдемі з…

0
0
941

Мемлекеттік қызметшілерге «Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібін түсіндіру жалғаст

«Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің негізгі жолдарын түсіндіру мақсатында 2017 жылдың 3 наурызда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен ««Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің кейбір мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібі бойынша Департамент басшысының орынбасары М.Нұртазин қатысушыларға «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 15-ші қадамына сәйкес көзделген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттаудың негізгі сәттеріне тоқталып, аттестациялау кезеңдері мен деңгейлері туралы нақты түсіндірді.Семинар барысында қатысушылардың аттестаттау туралы қойған сұрақтарына тү…

0
0
524

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі бұл – қоғам мәселесі

Қазақта «Заманына қарай адамы» деген ұғым бар. Бұл уақыт көшінен қалмай, ерлермен иық тірестіріп, қоғамдағы маңызды салаларда қызмет етіп жүрген нәзік жандыларға қаратып айтылған сыңайлы. Қазіргі таңда, қыз-келіншектеріміз отбасы, ошақ қасы мәселелерін де, ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі міндеттерін де жоғары деңгейде жүзеге асырып, еліміздің саяси, мәдени қызметіне араласып келеді. Бұл жағынан еліміз де әйелдерге жан-жақты қолдау көрсетіп, заңды мүдделері мен құқықтарының қорғалуына ықпал етуде. Атап айтқанда, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері әйелдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда және тұрмыстық қылмыстардың алдын алу саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізді. Соның ішінде біздің мемлекет 1997 жылдан бері әйелдердің ар-намысын қорғаумен оның құқықтары және бостандықтар…

0
0
900

Т. Дүйсенова Астананың 102 жастағы тұрғынын келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астана қаласының 102 жастағы тұрғыны, тыл еңбеккері Дана Досполованы келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. «Сіз өз өміріңізде көп жағдайды бастан кешірдіңіз. Басқа да қазақстандықтармен бірге тылда аянбай еңбек етіп, Ұлы Отан соғысындағы жеңісті жақындатуға үлес қостыңыз. Одан кейін елдің еңсесін көтеруге атсалысып, балаларыңыз бен немерелеріңізге жарқын болашақ іргетасын қаладыңыз. Оларды Отанды сүюге, оны көркейту жолында талмай еңбектенуге үйреттіңіз. Көктемнің осындай тамаша сәтінде Сізге шексіз тағзым мен ілтипат білдіруге рұқсат етіңіз. Шын жүректен мықты денсаулық, қажымас қайрат, бақ-береке тілеймін! Жақындарыңыздан тараған қамқорлық пен сүйіспеншілік сезімі мәңгілік сарқылмасын», - деді Тамара Д…

0
0
347