Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшілерге «Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібін түсіндіру жалғаст

«Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің негізгі жолдарын түсіндіру мақсатында  2017 жылдың 3 наурызда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша    департаментінің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен  ««Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің  кейбір мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібі бойынша Департамент басшысының орынбасары М.Нұртазин қатысушыларға «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының  15-ші қадамына сәйкес көзделген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін  кешенді аттестаттаудың негізгі сәттеріне тоқталып, аттестациялау кезеңдері мен деңгейлері туралы нақты түсіндірді.

Семинар барысында қатысушылардың аттестаттау туралы қойған сұрақтарына түсіндірме берілді.

0
0
478

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметшілерге «Б» корпусы қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібін түсіндіру жалғаст - Yvision.kz