Отбасымыздағы береке-бірлікті сақтаудың ең нәтижелі жолы - диалог! Әйел адамның бойындағы - ашуланып үндемей қалу, бір нәрсені қалап үндемей қалу, қиналып үндемей қалулардың барлығы негізсіз. Бірақ, ойланып бақсаңыздар, сіздер айтпасаңыздар, сезімдеріңізді білдірмесеңіздер ер адамдар қалай білмек?!
Отбасымыздағы бүліктің барлығы осыдан басталады. "Өзі неге ойланбайды?!", "Көрініп тұр ғой, айдай анық!", "Тосын сый болғанын қалар едім..." деп, тұқымын егіп, отбасының бұзылуына жол ашамыз.
Міндетті емес олар, көрінбейді де, отбасының қамын ойлап ақша тауып жүргенде қайдағы тосын сый?!
Негізі әйел заты өзін ешнәрсеге лайықпын деп ойламайды, ойлаған жағдайда да айтуға ұялады,кейбір жағдайларда, қорқып та жатады.
"Үйретсе - істейді" деген өмірдің заңы ғой, сіз айтпасаңыз, әрине, ұрыс-керіссіз, жолдасыңыз сыйлық сыйламауын, сізге ұнамсыз нәрселерді істеуін тоқтатпайды.
Бірінші болып қолыңызды созып:
~ Өзіңіздің нені ұнатып, қандай нәрселерді қатты жақсы көретініңізді;
~ Сізді қуанту үшін не істеуге болатынын;
~ Қандай іс-әрекеттер сізді ренжітетінін, т.б. айтып бергеніңіз жөн болады.
Егер сіздің екінші бөлігіңіз:
~ сізді қолы босамай,тыңдағысы келмесе;
~ сіздің айтқандарыңыздың барлығы- мағынасыз, уақыт пен ақшаның ысырабы десе;
~ есінеп, үндемей отыра берсе;
~ "Қайтадан бастадың ба?!" деп ашуланса да, бұлардың барлығы ерлерге қалыпты жағдай. Сондықтан да, шашыңызды жұлмай, сөйлесу әдістерін үйренуіңіз маңызды. Сөйлесе алатын адамдар ардайым тіл табысып, бір шешімге келеді. Ал, "өкпелегіштер" мен "үндемегіштер" -дің жағдайы айтпасақ та белгілі. Ал, сіз жолдасыңызбен тіл табыса аласыз ба?
0