ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

8 наурызда cүйіктіңізге не сыйласаңыз болады?

Жайдарлы көктемнің алғашқы мейрамы нәзік жандыларға арналған. Бұл мейрамды ардақты аналарыңыз, әжелеріңіз,әпкелеріңіз  асыға күтетінің ұмытпағандарыңыз жөн. Суық, сұрлы қыстың артынан шуақтанып, жүректерді жылытып ,махаббат сезіміне бөлейтін бұл көктем мезгілінде 8 наурыз мейрамы жүректерде ерекше орын алады. Айтпағым, сүйіктіңіздің көңілінен шығатын сыйлықпен қуантқыңыз келсе бұл блогты оқи отырыңыз...

Былтырғы жылы 6-шы наурыз күні  Айдана  есімді құрбым екеуміз сабақтан соң кездесіп пиццерияда отырдық. Сол кезде құрбым екеуіміз келе жатқан мейрам туралы сөйлестік. Ол жігітінен ерекше сыйлық күтетінін айтты. Қыздарға менің ойымша сыйлық алу оңай шығар. Ал жігіттерге қиын болу әбден мүмкін. Сол кезде құрбымның ойын тыңдап отырдым. Иә, менде сондай сыйлықты қалайтын едім. Қыздың көзі әдемі заттарға түседі. Керекті нәрсе болса қатып кетер еді.Мысалы: жарасымды көйлек, аяқ киім, сөмке, опа далаптар, зергерлік бұйымдар, әдемі гүлдер, романтикалық тосын сый.Сонымен қатар әйелдер, құлақпен сүйетіндерің ұмытпағаныңыз жөн. Гитарамен ән арнау немесе өлең оқып беру барлық қыздың жүрегін елжіретпей қоймайды.

Аяқ киім, киім кешек (көйлек) сыйлайтын болсаңыз. Сүйіктіңізді жақсы білуіңіз керек. Бойына, дене пішініне жарасымды таңдай алуыңыз шарт.Оның көбіненсе қандай стильдегі киімдерді ұнататының білсенің ешбір қиындықсыз таңдай аласыз. Ал, ешнәрсе білмеген жағдайда, дос қызыңыздан көмек сұрағаныңыз жөн.  Қанша дегенмен қыз бала бір - бірін жақсы түсінеді.

Зергерлік бұйым сыйлайтын болсаңыз. Сүйіктіңіздің күміске не болмаса басқа материалдарға аллергиялық реакциясының бар жоғын біліп алыңыз.

Гүл сыйларда ескерілетін жайт, аллергиялық реакциясының бар жоғын білу, қандай гүлді ұнататының білу.

Махаббат символы ретінде жүрек пішінді жастық өзіңіздің суретіңізбен, жүректің суреті бар кружка,жүрек пішінді рамка екеуіңіздің суреттеріңізбен және т.б. Неге жүрек пішінді?! Себебі қыздар жүректі махаббат символы ретінде көреді, бұндай сыйлық сыйлау олар үшін сезіммен бөлісу деген ой қалыптасқан. Сонымен қатар ең ерекше сыйлық бөлмеге проектор арқылы жұлдызды аспан жасау.Құтыдағы электронды көбелектер. Мазайка суреттермен құрастырылған портрет.