ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесі бұл – қоғам мәселесі

Қазақта «Заманына қарай адамы» деген ұғым бар. Бұл уақыт көшінен қалмай, ерлермен иық тірестіріп, қоғамдағы маңызды салаларда қызмет етіп жүрген нәзік жандыларға қаратып айтылған сыңайлы. Қазіргі таңда, қыз-келіншектеріміз отбасы, ошақ қасы мәселелерін де, ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі міндеттерін де жоғары деңгейде жүзеге асырып, еліміздің саяси, мәдени қызметіне араласып келеді.

Бұл жағынан еліміз де әйелдерге жан-жақты қолдау көрсетіп, заңды мүдделері мен құқықтарының қорғалуына ықпал етуде. Атап айтқанда, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері әйелдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда және тұрмыстық қылмыстардың алдын алу саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізді. Соның ішінде біздің мемлекет 1997 жылдан бері әйелдердің ар-намысын қорғаумен оның құқықтары және бостандықтарына кепілдік беретін, тұтас конституциялық қағидаларды жүзеге асыруды көздейтін, әйелдердің жағдайларын жақсарту туралы мемлекеттік саяси тұжырымдамасын іске асыруда.

1998 жылы 29 маусымда еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы» Конвенциясына қосылды. Сөйтіп, өзіне Қазақстандағы әйелдерді кемсітудің барлық түрінен қорғауға міндеттеме алды.

Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі осы бағытта бірқатар жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде 2017 жылдың 2 айында әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар санын 18,6 пайызға төмендетуге қол жеткізіп отыр.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын  жетілдіру мақсатында 2009 жылдың желтоқсанында қабылданған  «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына 2014 жылғы 18 ақпанында біршама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Енгізілген жаңа өзгерістер қазірдің өзінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алуда оң нәтижесін беруде. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 2 ай қорытындысымен тұрмыстық ортада зорлық-зомбылыққа жол бергендері үшін – 572 құқық бұзушыға қорғау нұсқамасы шығарылған. Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы әйелдерге қатысты жасалған құқық бұзушылықтары үшін 651 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылса, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен  64 азаматқа қатысты мамандандырылған әкімшілік сот шешімдерімен ескерту жасалып, 12 азаматтың мінез-құлықтарына ерекше талаптар орнатылған.

Нәзік жандыларға қатысты жасалатын қылмыстардың орын алуына көп жағдайда отбасындағы ұрыс-керіс, ерлі-зайыптылар арасындағы қызғаныш, алкоголь өнімдерін шамадан тыс пайдалану себеп болып отырғаны және аталған құқық бұзушылықтарға көп жағдайда жәбірленушілердің күйеуі, бірге тұратын адамы немесе жақын туысқаны баратыны анықталды.

Әйелдердің зорлық-зомбылыққа деген бәсең көзқарастарының негізгі бөлігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ешқандай шара қолдану мүмкіндігінің жоқтығына кәміл сену, жариялылықтан қорқу, пәрменді көмекке сенбеулері болып табылады. Нәтижесінде жәбірленушілердің  көбісі моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына көп жағдайда шағымданбайды. Осыған байланысты, зорлық-зомбылыққа душар еткен әйелдерге көмек көрсету мақсатында облыс бойынша халық көп шоғырланатын орындарда үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен отбасы-тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларды аралау, моральдық-психологиялық тұрғыда көмек көрсетілуде. Сенім телефондарына қоңырау шалған немесе шағымданып келген әйелдермен әңгіме жүргізіліп, отбасындағы жағдайды анықтау үшін ЖПҚ учаскелік полиция инспекторларымен бірге тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді.

Тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтап, жалпы отбасы-тұрмыстық қатынастардағы көпке созылған кикілжің жағдайлар әйелдерге қатысты құқыққа қарсы әрекеттің жасалуына негіз болатынын, отбасы-тұрмыстық жанжалға қатысушыларға ықпал ету арқылы учаскелік полиция инспекторларымен, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімше қызметкерлері, мектеп полицейлерімен, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлерімен алдын алу жұмыстары ұйымдастырылуда.

Тұрмыстық зорлық мәселесі бұл – қоғам мәселесі және барлық құзырлы органдармен бірігіп жұмыс атқару арқылы ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күнделікті өзінің сөзінде: «Отбасы мен неке институтын нығайту керек, оның беделін көтеріп, ішкі құндылықтарын жандандыру керек. Отбасы, бала және отбасының құндылықтары мен дәстүрлері әрқашан болған және біздің қоғамымыз бен мәдениетіміздің басты негізгі көзі болып қала береді» – деп көрсетті. Ендеше, саясаттың осы бағыты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы негізі болып табылады.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі