ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

2016 жылы Қостанай облысының 23 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

2016 жылы Қостанай облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (19,4 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (3,7 мың адам) қатарындағы 23,1мың адам қамтылды.

Оның ішінде:

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 2 мың 909 адам жұмысқа орналасты;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 1 мың 571 адам;

- жастар тәжірибесіне 692 адам;

- қоғамдық жұмыстарға - 3 мың 999 адам ;

- кәсіптік оқытуға 676 адам жіберілсе, оның ішінде 150 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды;

- 12 мың 472 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа орналасты;

- өздігімен 188 адам жұмысқа орналасты.

Бұдан басқа, 577 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.