Пәтер кезегі, дәрі-дәрмек...
http://arka-azhary.kz/index.php/component/content/article/80-novosti/5814-p-ter-kezegi-d-ri-d-rmek 25.03.2017. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмыс үстінде Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері қоғамдық қабылдау өткізді. Шараға аталмыш департаменттің, облыстық ардагерлер кеңесінің, жастар ресурстық орталығының және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған шараның негізгі мақсаты – халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсету орындарында қызмет алушылардың құқықтары мен міндеттері, оларды жемқорлық әрекеттеріне жол бермеуге шақыру, пара беру немесе алу әрекеттері орын алған жағда…


