ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қызылордада «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Бүгін де облыс бойынша салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру мәселесі алға қойылып отыр.

Айыппұлдарды өндіру жұмыстарын жандандыру, өз еркімен төлеуден жалтарушы азаматтарға қатысты пәрменді шараларды ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 29 наурыз және 30 сәуір аралығында облыс көлемінде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараға әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге, жергілікті полиция және өңірлік жеке сот орындаушылары жұмылдырылуда.

Аталған іс-шарада қала бойынша 5 мобильді топ құрылып, барлығы 10 полиция қызметкерлері және өңірлік сот орындаушыларынан кезекшілік кестесі құрылды. Бірлескен іс-шаралар аясында айыппұл төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің автокөліктерін автотұраққа қамау және мемлекеттік белгілерін алу жүзеге асырылуда.

Іс-шараның 1 күнінің нәтижесі бойынша құрылған жұмыс тобымен қызмет атқару барысында барлығы 890 мың 240 теңге айыппұл салынған 46 автокөлік анықталып, 13-і айып алаңына қойылса, қалған 33 автокөліктердің мемлекеттік белгілері алынып, 552 мың 255 теңге айыппұл өндірілді.

Айта кету керек, аталған іс-шара жыл басынан екінше рет өткізілуде.

Заңда белгіленген мерзімде айыппұлын төлемеген жыл басынан 548 жүргізушіге салынған 7 млн 202 мың теңге мәжбүрлі түрде өндірту мақсатында жеке сот орындаушыларына жолданса, 474 азаматтың жұмыс орындарына айыппұл төлеу жөнінде қаулылар жолданды.

2017 жылдың екі ай 24 күнінің нәтижесі бойынша 195 млн 703 мың теңгенің 78 млн 261 мың теңгесі өндірілді.

Облыс және қала тұрғындарының назарына!!! Қосымша мәліметтер немесе айыппұлдарыңыз жөнінде мәліметтерді Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі №22  орналасқан әкімшілік практика бөлімінен немесе admpraktikakzo@mail.ru. электронды мекен-жайы бойынша біле аласыздар.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі